Жаңа мүмкіндіктерге жол ашатын әліпби

 

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан  Әбішұлы Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында «Қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру жұмыстарын бастауымыз керек» деген болатын. Қазіргі таңда бұл мәселе жұртшылық арасында қызу талқылануда.

 

            «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс шаралар жоспарына сәйкес құрылған латын әліпбиіне көшу жөніндегі Алматы облысы бойынша жұмыс тобы ақпараттық түсіндіру жұмысын бастады. Топ мүшелері түсіндірме жұмысын құлагер ақын Ілиастың ауылынан бастауды жөн санады.

            Мәдениет үйінде өткен жиынның шымылдығын аудан әкімі Әділбек Далбағаев ашты. Өз кезегінде ол «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жөнінде ауданда атқарылып жатқан жұмыстарды тілге тиек етті, латын  әліпбиіне қатысты ой өрімдерін де ортаға  салды. Латын әліпбиіне халыққа түсіндірудегі жиында Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшысы Айдар Башбаев сөз алып, өз ойын ортаға салды.  Мәдениет үйінде өткен жиында І. Жансүгіров атындағы Жетісу Мемлекеттік университетінің қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының профессоры Мұратбек Иманғазинов та сөз алды. Өз кезегінде ол латын әліпбиіне көшуге қатысты пікірін білдірді.

            «Латын әліпбиіне көшу керек. Себебі, біздің келешегіміз осыған байланысты болып келеді. Ендеше рухани жаңғырумыздың темірқазығы болып отырған латын қарпін халық болып қолдауымыз қажет», - деді М.Иманғазинов.

Өз тілшіміз.

 


Күнтізбе

« Маусым 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  

booked.net