Орбұлақ: Тылсым тарихқа толы

 

            -Біз ұланғайыр жері мен аса бай рухани тарихы бар елміз. Ұлы даланың көз жеткізгісіз кең байтақ  аумағы тарихта түрлі рөл атқарған. Бірақ, осынау рухани географиялық белдеуді мекен еткен халықтың тонның ішкі бауындай байланысы ешқашан үзілмеген» делінеді Елбасы мақаласында. Тарих тұңғиығынан сыр шертетін Ұлы даланың бір шеті - жазиралы Жаркент өңірі де тарихи орындарға бай. Оның таулары мен сай-саласынан тарихымыздың көптеген бедерлерін байқауға болады. Ондағы балбал тастар, көне қорымдар мен көлемі үлкен обалар өңіріміздің тарихи құпияларын сақтап жатқан сияқты.

 

            Сонау бір жылдары Орбұлақ шайқасының 350 жылдығы Белжайлауда республика көлемінде  атап өтілген болатын. Орбұлақ туралы белгілі жазушы, Панфилов ауданының «Құрметті азаматы», «Парасат», «Құрмет» ордендері мен «Еңбектегі ерлігі үшін» медалінің және Мемлекеттік сыйлықтың иегері Бексұлтан Нұржекеұлы айтып та, жазып та жүр.

Бексұлтанның еңбектерімен мұқият танысқан ұлтжанды азаматтардың бірі - Бекет Тұрғараұлы. Ол Оңтүстік Қазақстан облысы, Қазығұрт ауданындағы Талдыбұлақ ауылында 1947 жылы дүниеге келген. Ұзақ жылдар бойы лауазымды қызметтерде істеген заңгер бүгінгі таңда «Жеті жарғы және Қожаберген жырау» Халықаралық қоғамдық қайырымдылық қорының төрағасы ретінде көпке танымал азамат. Соңғы жылдары жазушылар, тарихшы ғалымдардың зерттеулері нәтижесінде Салқам Жәңгір ханның бейіті табылған. Биыл осы көне қорымды темір шарбақтармен қоршап, ішіне ескерткіш тас орнатқан азамат - қазығұрттық Бекет Тұрғараұлы еді. Белжайлаудағы көне қорымға жасалған бұл ауқымды жұмысты Бекет бауырымыз өз қаражатына жасаған.

            Қара қазан, сары бала қамы үшін қылыш сермеген, елін, жерін, Отанын жаудан қорғаған ата-бабаларымыздың ерлігіне бас иіп, келер ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеуге өзіндік күш салып жүрген аяулы азамат Бекет Тұрғараұлының бұл еңбегі ерлік ретінде бағаланбақ.

            «Салқам Жәңгір хан бейіті. XYII ғасыр. Қазақ халқының Жоңғар шапқыншылығына қарсы Отан  Панфилов ауданының «Құрметті азаматы». қорғау соғысында әскербасы Салқам Жәңгірдің қолбасшылығымен болған 1643 жылғы Орбұлақ бойындағы ұлы жеңіске 375 жыл толу қарсаңында (1653 жылғы) шайқаста мерт болған қаһарман Жәңгір хан мен оның батыр сарбаздары жерленген қорымға қойылған ескерткіш. Белгіні қойған алқаушы: Бекет Тұрғараұлы 2017 жыл. Тарихи орын мемлекет қорғауында»-деп жазылған.

            Тарихи деректерде: «Салқам Жәңгір хан қарымының қабірі Орбұлақ оқпанасының шығыс жағында атшаптырым жерде» деп айтылғаны бар. Демек мына қорым тарихи шындыққа жанасады. Жуырда Белжайлаудағы Салқам Жәңгір ханның қарымының басына үй тігіліп, сол кездегі соғыста шейіт болған батыр бабаларымыздың рухына Құран бағыштап, ас берілді. Асқа алысжақыннан шақырылған зиялы азаматтар қатысты. Олардың ішінде жазушылар: Б.Нұржеке, Қ.Сегізбаев, Қ.Құрманғали, «Жетісу» газетінің бас редакторы Әміре Әрін, ақын Гүлбақыт Қасен, қылқалам шебері Б.Өмірбеков, кәсіпкер А.Көдеков, Шымкенттен келген З.Қыстаубай, тағы басқалар болды.

            Қасиетті тарихи қорымды қоршап, ескерткіш орнатқан Б.Тұрғараұлына және осы іске  атсалысқан барша азаматтарға аудан әкімі Б.Абдулдаев шынайы ризашылығын білдіріп, құрмет көрсетті.

            Ескерткіш басында өткен шараға аудан әкімінің орынбасары Д.Төреханов және БАҚ өкілдері қатысты.

Жұмағазы  БЕЙСЕБЕК.

Қазақстан  Журналистер  Одағының  мүшесі

Күнтізбе

« Маусым 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  

booked.net