Латын қарпіне көшу ұлттың болашағына қатысты заман талабы

Қандай халықтың болмасын бір әріптен екінші бір әріпке көшуінде әлеуметтік,тарихи, саяси мән жататыны белгілі. 1923 жылы Түркия республика болып жарияланғаннан кейін, Мұстафа Кемалдың басшылығымен барлық салада түбегейлі реформалар басталды. Соның бірі - ғасырлар бойы қолданылып келген араб әріпінен латын әрпіне көшу болатын.

 

Қазір латын әрпіне көшу мәселесі ақпарат кеңістігінде, әлеуметтік желіде, жиналыстарда қызу талқылануда. Бір жақсысы, әзірге дауласудың аяғы жауласуға ұласып жатқан жоқ. Пікір алмасу бар. Сондай пікір иелерінің бірнешеуін сөзге тартқан едік.

 М ұ р а т  Қатубеков, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту  бөлімінің қызметкері: 

 -1991 жылы Кеңес өкіметі құлағаннан кейін өзге ұлттар –тәуелсіздік алғандары бар, ала алмай  қалғандары бар - өзінің империялық саясатынан бас тарта қоймаған Ресей ықпалынан алыстауға пейіл танытты. Соның бірі – кириллицадан латын әріпіне көшу еді. Әзірбайжан,Өзбекстан, Түркіменстан  бірден көшті. Татарлар латын әрпіне көшу туралы шешім қабылдады, бірақ кейін ол шешімге Кремль тарапынан тыйым салынды. Шығыс Еуропаның славян халықтары да латыншаға көше бастады. Тіпті Кеңес Өкіметінің алғашқы жылдарында латын әрпіне көшу мәселесі Ресейдің өзінде әңгіме болғаны жайлы айтылып жүр. Бүгінде Украина латын әрпіне көшу мәселесін күн тәртібіне қойып отыр. Біздің елдің де латын әрпіне көшуін қолдаймын.

Құралай Байоразова,

 аудандық соттың судьясы.

Күнтізбе

« Қазан 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

booked.net