Ауданымызға орбұлақ атауы берілсе...

Панфилов аудандық «Қазақ тілі» қоғамдық бірлестігінің бес мыңнан астам мүшелерінің өкілдері қатысқан жалпы жиналыстың шешімі бойынша ауданымыздың атауы  Жаркент өлкесіндегі киелі де қасиетті тарихи орын Орбұлақтың атымен «Орбұлақ ауданы» деп аталса деген ұсынысты бірауыздан қолдады. Бұл – Рухани жаңғырудағы нақты іс-шараның бірі болатыны белгілі.

 

     Жоңғар-қалмақ шапқыншылығы  кезінде Батұр қонтайшының елу мың қолын осы Орбұлақта қазақтың жеті жүзге жетер-жетпес жасағы талқандап, жерімізден Қашама асырып қуғаны тарихтан белгілі. Қасым ханның ұлы салқам Жәңгірдің басшылығымен болған бұл  шайқасқа биыл 375 жыл толып отыр. Жоңғар-Қазақ соғысындағы бұл алапат шайқас келешек ұлы жеңістердің басы еді. Осы шайқаста Салқам Жәңгірден бастап көптеген қазақ жауынгерлерінің қаны төгілді. Сондықтан бұл мекен киелі, сондықтан бұл топырақ қасиетті!

      Әрбір адам өзінің туып-өскен ортасына, ата-бабасынан мұра боп жеткен кіндік қаны тамған мекенге құрметпен қараса, тұтас Отанның  өсіп-өркендеуіне үлес қосады емес пе.  Осындай асыл мұратты мақсат еткен бұл ұсыныс  негізінен туған жердің тарихи танымына  терең бойлай отырып,   елдік рухты асқақтатуды ниет етеді.  Осы өлкеде тірлік кешкен қазағымыздың  батырлары мен көсемдерін, абыздары мен аңыздарын, шертер шежірелерін  неге қайта жаңғыртпасқа?!  Осы арқылы    жастарымызды отаншылдыққа, өз туған жерін қадірлеуге  бейімдемеске!

             Осы мақсатты басшылыққа алсақ ауданымыздың аты «Орбұлақ ауданы» деп өзгергенін ауданда тұрып жатқан мұқым халық қолдайды деп сенеміз. Бұл – ата-баба рухына тағзым, болашақ жастарға ұлағатты ұлттық  тәрбие болатыны сөзсіз!  

            Панфилов  аудандық

 «Қазақ тілі»  қоғамдық

бірлестігінің  басқармасы.

Күнтізбе

« Ақпан 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28        

booked.net