Баянды болашағымызға бағдаршам

Өткен  жылдың сәуір айының басында бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласының  жарық көргеніне де таяуда 1 жыл болмақ. Осы мәйекті мақаласында  Елбасымыздың: «Еліміз жаңа тарихи кезеңге аяқ  басты. Мен жыл басындағы халыққа  Жолдауымда Қазақстанның үшінші жаңғыруы басталғанын жарияладым» дегені бар.

 

            Болашағымызға бағдаршам болған осы «Рухани  жаңғырудағы» XXI ғасырдағы ұлттық сана туралы», «Таяу жылдардағы міндеттер» атты екі бөлімі бойынша еліміздегі сияқты жазиралы Жаркент өңірінде де игілікті іс-шаралар кешені жүзеге асырылып келеді. Өлкеміздің кешегісі мен бүгінін, сондай-ақ ертеңгі нұрлы болашағын іс-қимылдарына арқау еткен тұрғындарының әлеуметтік-экономикалық ахуалы аудандық басылым беттерінде бедерлі айшықталып келеді. «Рухани жаңғыру» логотипінің аясында газет беттерінде арнайы айдарлар ашылғаны да-оқырмандарға таныс. Бұл мақсаттағы шырайлы шаралар алдағы кезеңде де газетіміздің беттерінде жариялана беретін болады.  Өйткені «Рухани жаңғыру» бізді болашаққа жетелей бермек.

Күнтізбе

« Қыркүйек 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30

booked.net