Латын әліпби-жаңарудың жаңа белесі

 Қазақстан Республикасы Президенті, Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы  Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында алдағы 2025 жылдан бастап латын әліпбиіне көшуге кірісуіміз қажет екендігін, сондай-ақ болашақта барлық саладағы іс-қағаздар мен оқулықтар да осы қаріппен жазылуы тиіс екендігін баса  айтқан  болатын.

 

 

                «Біз алдағы уақытта да мемлекеттік тілді дамыту бағытындағы кешенді жобаларды жүзеге асыруды табандылықпен жалғастыра  береміз. Қазақ әліпбиін 2025 жылға қарай латын графикасына  көшіруге дайындық жұмысын осы бастан бастап қолға алу қажет. Бұл қазақ тілін жаңғыртып қана қоймай, оны осы заманға ақпараттың тіліне айналдырады» деді  Елбасы.

                Негізінен  латын  әліпбиіне көшу-қазақ тілінің болашағы үшін жасалған маңызды қадамдардың бірі деп ойлаймыз. Бүгінде ұялы байланыс телефондарда, жарнамалар, хабарламалар латын әліпбиімен жазылуда. Ғаламтор желісінде де латын әліпбиіне аударатын транскрипция орнатылған. Латын тіліне көшу арқылы ғылым саласы бойынша да әлемдік кеңістікке шығуға мүмкіндік аламыз. Техниканың тілін еркін меңгерген мамандарымыз болады.  Тілді реформалау еліміздің экономикалық, әлеуметтік жағынан да өзгеруіне  жол  ашары  анық.  

                Біз латын әліпбиіне көше отырып, өркениетті елдердің қатарына қосылып, тіліміздегі  дыбыстық жүйелерді  нақ анықтап, қазақ тілінің жазылуы мен дыбысталуы кезінде сөздер қолданысындағы артық кірме сөздерден арыламыз.                                               Сондықтан латын әліпбиіне көшу біз үшін, болашақ үшін  әлдеқайда  маңыздырақ!                                  

   Ардақ   Нұрғожаева,   

                                                           Шежін   ауылы.

Күнтізбе

« Сәуір 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30            

booked.net