Жетісуым-жеті құтым

Жалпы, Жетісу өлкесінің кереметі – қанша ақын жырласа да таусылмайтын тақырып. Тарихтың қаншама шежіресін артта қалдырып, талай ғұламаның мекені болған қасиетті де құтты мекен бұл.  Оған мысал ретінде Қапал жеріндегі сиқырға толы «Тамшыбұлақ», қыстың күні жер астынан қайнап буырқанған жылы да емдік родон суымен танымал «Қапал-Арасан», жазиралы Жаркент жеріндегі «Әулиеағаш», «Шарын» шатқалы, суында балықтың  небір түрі кездесетін жеті өзенді алуға болады. Кейбір шетелдік азаматтар жазды асыға күтіп демалысын емдік қасиеті мол Алакөл, Балқаш көлдерінде өткізуді жөн санайды. Сондықтан да бүгінгі таңдағы біздің міндетіміз осынау қасиетті өлкенің қадірін біліп, күтіп-сақтау. Бұл-біздің перзенттік парызымыз.

 

                Бәріміздің мақтанышымызға айналғандықтан «Жасара бер, жайнай бер, Жетісуым» дегім келеді.

Күнтізбе

« Тамыз 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

booked.net