Мемлекеттің тірегі, халықтың жүрегі

 Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласынан туындайтын  маңызды міндеттер туралы баяндалған аталмыш шара Абай атындағы орта мектепте өтті.  Шараға аудандық мәслихаттың депутаттары, мектеп директорларының  тәрбие ісі жөніндегі   орынбасарлары,  мұғалімдер мен оқушылар қатысты.

 

                «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бойынша шараны ұйымдастырған осы мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары аудандық Мәслихаттың депутаты  Ұлдана Бегімбекова «Туған жерге туыңды тік», латын әліпбиі, «Қазақстандағы 100 жаңа есім», үш тілділік сияқты маңызды мәселелерге терең  тоқталды. Онда экраннан Елбасының сындарлы саясаты баяндалған мақалаларынан үзінділер беріліп шараның пәрменділігі арта түсті. Оқушылар патриоттық әндер айтып, би биледі.

                «Мемлекеттің тірегі, халықтың жүрегі» атты шараны  ұйымдастырушы  Ұлдана Қуандыққызы бағдарламаны өзі жүргізіп, «Рухани  жаңғыру» мақаласы – ұлттық құндылықтарымызды жандандырудың сара жолы екенін түсіндірді. Бұл мақаланың әрбір бағыты қыран құс ретіндегі көрініс арқылы бейнеленді.

                Аудандық мәслихаттың жас депутаты Ұлдана Бегімбекованың орындауындағы өзінің шығарған «Мен қазақтың қызымын» атты  әні, оқушылардың бишілер тобының  «Қазақ биі» көпшіліктің  көңілінен шықты.

                Өнерлі  ұрпақтардың қойылымына тәнті болған көпшілік шынайы ризашылық  білдіріп,  ұзақ қол соқты. Шара барысында аудандық мәслихаттың хатшысы Е.Шоқпаров, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы М.Илипов, депутат М.Тұрлыбеков, Қ.Ахметқалиев, «Жаркент өңірі» газетінің  директор–бас редакторы Б.Айтмұқаева, тағы басқалар сөз алып «Мемлекеттің тірегі – халықтың жүрегі» атты іс-шараны ұйымдастырған ағылшын пәнінің маманы, аудандық Мәслихатының  депутаты Ұлдана Қуандыққызына ыстық  ықыластарын білдірді.

                Сондай-ақ  осындай талантты жастарды қолдап отырған  мектеп директоры Гүлнәр Қойжаярованың да көрегендігі мен іскерлігіне ризашылық білдірді.

Ж. Бейсебек.

 

Күнтізбе

« Сәуір 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30            

booked.net