Наурыз думан

 Наурыз — шығыс елдерінің бүкілхалықтық мейрамы,Ұлыстың ұлы күні.     Наурыз шығыс халықтарында жыл басы мерекесі ретінде тойланып, ерекше күн ретінде аталып өтіледі. Қазақ халқы да Наурыз мерекесін айрықша бағалап, оны жыл сайын тойлап отыруды салт-дәстүрге айналдырған. Шығыстың данышпандары Махмұд Қашқари, Омар Хаямнан бастап қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаев, Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Сәкен Сейфуллин сынды  ұлт  қайраткерлері де  Наурыз туралы еңбектер, өлеңдер, асыл сөздер жазып қалдырған. Наурыз шығыс елдері үшін бірліктің, татулықтың, еңбектің, ізгіліктің, бақыттың мерекесі ретінде тойланған. Сондықтан да болар, бұл күні шаттанбайтын, қуанбайтын, мейірленбейтін адам болмаған.

 

                Бұл күні жақсы тілек тілеу, құттықтау, кешірім жасау, табысу сияқты адамгершілік қасиеттер көрініс тауып, кейінгі ұрпақтар сондай жақсы өнегеден үлгі алған.

                Наурыз мерекесіне орай Жаркент көпсалалы колледжінде тәрбиелік іс-шара жоспарлары жасалынды. Мысалға айтатын болсақ: «Колледж ауласын абаттандыру», «Наурыз думан» тәрбие сағаттары, «Қош келдің, әз Наурыз!» тәрбие сағаттары, «Қайырымдылық» акциясын өткізу сияқты шаралар атқарылды.

 Л. Қабылбекова ,

 Жаркент көпсалалы колледждің тарих,география пәндерінің оқытушысы

Күнтізбе

« Қазан 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

booked.net