Орбұлақ шайқасының орны бөлек

Орбұлақ шайқасы ел басына күн туған ірі шайқастың бірегейі. Сол кездердегі бейбіт жатқан елге жоңғар шапқыншылығы ауыр соққы болып тиді.  Бұл шайқас XVII ғасырдың 1643 жылдың жазында болған қазақ қолын басқарған Жәңгір хан мен Жоңғар қолын бастаған Батыр Қоңтайшы арасында өтті. Қазақ халқының 600 жауынгерін, Жоңғар халқы 50 мың әскер қолымен жеңемін деп дәмеленді. Жәңгір хан бастаған қолы 800 қой тасты паналап, ор қазып, жауды улы жебемен күтіп алды.

Ханның бас қолбасшысы Қостоқты батыр 600 қолды із суытар жерге тастап, жаудың алдынан шығып, сасық түтінге уландырды. Жау лап қойғанда улы жебеге соқтығады. Осындай амал-айланың арқасында 10 мың жасағынан айрыла бастайды да, жау кейін шегін  ақылдасады. Сонымен қатар таудың домаланған тастарынан та тығырыққа тіреледі.

                Бұл шайқаста қазақтарға табиғаттың өзі де көмектескендей. Шайқас қызған кезде көмекке Самарқаннан   Жалаңтөс Бахадүр 20 мың әскермен келіп, ту сыртынан шаубыл жасайды. Осы шайқаста жоңғарлар жеңіліп кейін шегінді. Ханның жанында билер, жұлдызгер, көреген кеңесшілері болды. Жердің ауа райын  болжап, дәл есептеп, жел қай жақтан болатыны, қыс қалай болады, қай жерден ащы-тұщы су шығады бәрін дөп басып айтып отырған. Мұндай дарынды кісілер соғыс жайында біліп, құпия сақтады. Көктемде, күзде шөпті жинап, қайнатып, уын шүберекке сіңдіріп, кейбірін кептірген. Осындай іспен айналысатын кісіні де, қойманы да құпия ұстаған. Бірақ бұл шайқас қазақтардың жағында болып, құдай қолдап жеңіп шықты. Қазақ елі қиын-қыстау кезеңді бастан өткеріп, келер ұрпаққа үлгі бола білді. Орбұлақ  шайқасына қатысқан Салқам Жәңгір, шапырашты Қарасай батыр, арғын Ағынтай, қаңлы Сарбұқа, төртқара Жиембет жырау, алшын Жалаңтөс Бахадүр Сейітқалиұлы, суан Елтінді, дулат Жақсығұл, найман Көксерек, Бөдес сияқты басқа батырларымыз тарихта мәңгі  ұмытылмайды.

                2003 жылы Орбұлақ шайқасының 360 жылдығына орай оқиға болған жерге ескерткіш тас қойылды. Белжайлау ортасында, Орбұлаққа 10 шақырым жетпей Үсенсаз деген жерде Жәңгір хан жерленді. 

                Биылғы Наурыз мерекесінде ауданымыздың орталығында бірнеше қазақ үйлер бой көтерді. Соның ішінде «Орбұлақ ауылы» деген атпен Сара Нұрғалыққызы бастаған сегіз қанатты үй тігілді. Бұл Белжайлаудағы Орбұлақ жерінде болған үлкен тойды еске түсіріп тұрғандай сезілді.

А.Жазылбекова,

А.Луначарский атындағы 

орта мектеп-

гимназиясының  мұғалімі.

Күнтізбе

« Қазан 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

booked.net