Жаңа кітаптар жарық көрді

ҚР  Президенті  Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында әлемнің үздік 100 оқулығының қазақ тілінде шығуы 5-6 жылдан кейін-ақ жемісін бере бастайтындығын, сол себепті уақыт ұттырмай таңдаулы үлгілердің аудармасын жасауымыз керектігін  атап  өткен  болатын.

 

     12 сәуір күні Мемлекет басшысының қатысуымен қазақ тіліне аударылған алғашқы 18 оқулықтың  таныстыру рәсімі   өтті. Оқулықтарды аудару жұмысына еліміздің алдыңғы қатарлы оқу орындары мен 100-ден аса мамандар қатысқан. Бұл оқулықтар жаңа оқу жылында жоғары білім беру жүйесіне енгізіледі деп жоспарлануда.

                Елбасы жаңа оқулықтардың кітап түрінде, электрондық онлайн  нұсқа және үздік лекторлардың   ашық дәрістерінің   видеотекасы сияқты үш форматта қолжетімді болатынын,  шетелдегі қазақ жастарының оқи алуы үшін  латын қарпінде басылатынын да  атап өтті.

                Бұл «Рухани жаңғыру» бағдарламасының  «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы аясында атқарылып жатқан  жұмыстардың бірегейі.

Ж. Кенжебек.

Күнтізбе

« Қыркүйек 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30

booked.net