100 жаңа оқулық

«Қазақ тіліндегі 100  жаңа  оқулық» жобасы аясында  елімізде қол жеткізуге болатын бірқатар міндеттер атқарылып жатыр. Осы міндеттерді  насихаттап бүгінгі  жастарға таныстыру мақсатында Үшарал орта мектебінде мектеп кітапханашылары Қасқарауова Құралай мен  Өтегенова Маржан 9-10 сыныптар арасында дөңгелек үстел  ұйымдастырды.

 

                Елбасымыздың әлемдік тәжірибеде, жаһандық дамуда елдік руханияттың қалыптасуына ықпал етіп, санаға өзгеріс әкелетін 100 оқулықты қазақ тілінде аударуға ерекше назар аударғаны жөнінде айтқанын, сонымен қатар 100 оқулықтың 18 кітабы қазақ тілінде жарық көріп, оқырман қауымға ұсынылып отырғанын көрсетті. Әлемдік деңгейдегі ғылымның, білімнің озық жетістіктерін меңгеру үшін осындай еңбектермен үздіксіз танысып отыру маңызды. Аударылған оқулықтар экономика, философия, тарих, тіл білімі  және жалпы әлеуметтік-гуманитарлық салаларды қамтитыны жан-жақты жастарға түсіндірілді.

                Ел болашағын көркейтуде жастардың үлес қосуына  ықпал ететін  бірқатар оқулықтар қатарымен таныстырылып, дөңгелек үстелге жиналған оқушылар  арасында Шәкен Қарақат, Сейтқали Айым, Қуанышұлы Диас  өз ойларымен бөлісумен қатар, басқа да оқушылардың  пікірлері талданып, тыңдалды.

Құралай  Қасқарауова ,

Үшарал  орта  мектебінің

 кітапханашысы.                                              

 

Күнтізбе

« Қараша 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30    

booked.net