Жаңғырған елдің жаңа бағдары

    Жуырда  Ават орта мектебінде кәсіподақ мүшелерімен «Жаңғырған Қазақстанның жарқын бағдары» кездесуі өтті. Іс-шараның мақсаты: Елбасы Н.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасын,  2018 жылғы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты халыққа Жолдауының жүзеге асырылу барысын талқылау;  осы тұста білім саласы қызметкерлерінің рөлі мен атқаратын міндеттерін  саралау.


Кездесу модераторы: Білім және ғылым қызметкерлері Панфилов аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы М.Тұрлыбеков. Алғашқы сөз кезегін бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Ж. Оразалиев алды. Өз кезегінде мектеп директоры Б.Қорғасбаева бағдарлама аясында мектепте атқарылжан жұмыстар туралы сөз қозғап, өз ойын білдірді.
Кездесуге қатысушы кәсіподақ мүшелері сұрақтар қойып, оған қанағаттанарлықтай жауаптар алды.
Ж.Ержанқызы,
 аудандық кәсіподақ
комитетінің маманы.

Күнтізбе

« Маусым 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  

booked.net