Алғыс күні Елдіктің ерен мерекесі

Қазақстан Республикасының  Президенті  Н.Ә.Назарбаев  Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күні - 1 наурызды Қазақстанда «Алғыс айту» күні деген Жарлыққа қол қойған болатын. Осыған орай наурыз айының 1-і күні аудан орталығындағы Мәдениет үйінде салтанатты жиын өтті. Көпшілік бас қосқан бұл жиында аудан әкімі Темірлан Бектасов сөз алып, еліміздегі ұлтаралық татулықты, ынтымақтастықтың қазақ  жеріндегі жарқын келбеті, Мәңгілік ел едеясы жайында баяндады.

 

                Алғыс айту күнін Елбасының бейбітшілік  пен келісім жөніндегі сындарлы саясатының бір көрінісі-деп білуге болады.

                Шара барысында славян этномәдени орталығының төрайымы Г.Борисова, Ұйғыр этномәдени орталығының төрағасы Д.Насыров, Жамбыл атындағы орта мектептің 10 сынып оқушысы, дүнген этномәдени орталығының мүшесі М.Хайлудаева сөз алып, қазақ еліне деген шексіз ризашылықтарын  білдірді.

Өз  тілшіміз.

 

 

Күнтізбе

« Маусым 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  

booked.net