Жаһандық жаңашылдық жолы

Америкалық саясаттанушы Карл Дойч өткен ғасырдың 60-шы жылдарында-ақ «жаңғырудың сыни мәселесі – бұл экономикадағы құрылымдық өзгерістер емес, құндылықтар жүйесіндегі өзгерістер» деген болатын. Мемлекеттің ең негізгі құндылығы оның тілі, діні, әдебиеті мен мәдениеті, өткен тарихы, музыкасы екендігі ақиқат. Олай болса, заман ағымымен бірге бұл құндылықтар да түрлі өзгерістерге ұшырауы мүмкін.

 

Өзгерістердің кейбірі қажеттілікті талап етсе, кейбірі аталған құндылықтардың біразын жойып жіберуге қауқарлы. Сол себепті әрбір рухани азығымызды жойып алмай, олардың жаңа заманмен жасарып, жандануына жағдай жасап, өскелең ұрпаққа аманат етіп тапсыру әрбір азаматтың парызы. Бұл тұрғыда рухани жаңғыру – ұлттық құндылықтарымызды ұмытпай, жаһандық жаңашылдыққа жетелейтін бірден-бір жол.

                Мемлекеттің мемлекеттігін берік етіп қалыптастыруда рухани жаңғырудың алар орны ауқымды. Қоғамдық сананы жаңғыртуға бағытталып отырған бұл идеяның ұсынылуы уақыт талабы. Сондай-ақ, алдыңғы қатарлы озық елдермен тереземізді теңестіруге жасалған тағы бір қарышты қадам деуге толықтай негіз бар.

                Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласынан бастау алған еліміздің үшінші жаңғыруының басты мақсаты – ұлт санасының жаңғыруы болып отыр. Себебі  бүгінгі қоғам - көзқарасы қалыптасқан зерделі де, зерек тұлға тәрбиелеуі тиіс. Өйткені тәуелсіз Қазақстанымыздың бет-пердесі болашақта бәсекеге қабілеттілікпен анықталады. Ал, бәсекеге қабілеттілік саясатта, экономикада, руханиятта, мәдениетте яғни барлық салада болуы қажет. Ол үшін еліміздің әрбір азаматы өз отанын қастерлеп, туған елі мен жерін сүйіп, жасампаздыққа ұмтылу жолында ізденісте болуы керек. Еліміздің болашағы болар жас ұрпақ ілім-білімге ұмтылып, көп ізденіп, жан-жақты болып жетілуі шарт. Сонда ғана ұлттық рухани азығымыз ұлтымыздың бойында мәңгілікке сақталады.

           А.Қуантайқызы.

 

 

               

Күнтізбе

« Қыркүйек 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30

booked.net