Жас түлек-ертеңгі ел тірегі

Ауданымыздың белсенді жастары шілде айының18 күні  аудан әкімі Темірлан Бектасовпен кездесу өткізді.  Кездесу «Туған жер»  бағдарламасына орай табиғаты көрікті «Жаркент – Арасан»  шипажайындағы биік алаңда өтті.  Онда келген    жастар бірнеше топқа бөлініп патриоттық әндер айтты. Аудандық жастар ресурстық орталығының жетекшісі Айдар Исаевтың ұйымдастыруымен өткен бұл шараға ауылдық округтердің    жастар ісі жөніндегі нұсқаушылары, «Жасыл ел» - жастар еңбек жасақшылары қатысты.

    Жастармен болған бұл кездесуді Алматы облысы «Пікір-сайыс» одағының төрағасы, Жетісу жастары ұйымы бірлестігінің үйлестірушісі Ержан Дәулетбаев кіріспе сөзбен ашып, жүргізіп отырды.

     Жастар жағынан қойылған түрлі сұрақтарға аудан әкімі Т.Бектасов қанағаттанарлықтай жауаптар қайтарды.  Өнерлі             жастар патриоттық әндермен бірге  домбырамен халық әндерін де шырқап  кездесуде еркін пікір алыса алатындай жағдайда болды.

            Әсем табиғат аясында алау отын маздатқан  жастардың көбі 16 мен 29 жас аралығындағы жеткіншектер.  Көңілді кездесу барысында спортшылар да өнер көрсетті. Қазақстан Республикасының көк Туын биік шыңның басына апарып тіккен жастардың туған жерге деген патриоттық сезімі арта түскендей болды. Бәрі де көтеріңкі көңіл-күймен шараға белсене атсалысты.

            Шараға арнайы қатысқан аудандық Әділет басқармасының басшысы, Қазақстан заңгерлер одағының мүшесі Марат Сағымбеков,  Үлкенағаш ауылдық округінің әкімі Ермек Нұрахметов, Жетісу жастары ұйымы қоғамдық бірлестігінің үйлестірушісі Дәулет  Ауданбаев, тағы басқалары сөз алып, жастарға ағалық ақылдарын айтып, олардан үлкен үміт күтетіндіктерін жасырмады.

            Көңілді кездесуді аудан әкімі Т. Бектасов қорытындылап, жастардың игі бастамаларын қолдайтынын айтты.

Жұмағазы   Бейсебек.

Күнтізбе

« Қараша 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30    

booked.net