Мемориалды кешен ашылады

 «Орбұлақ шайқасын әлі де терең зерттеуіміз керек. Біз қазіргі кезде осы шайқасқа қатысқан бар-жоғы он шақты ғана  батырдың атын білеміз. Сол қысылтаяң заманда кеуделерін оққа тосып, өмірін бәске тіккен ата-бабаларымызды  ұлықтау - біздің міндетіміз. Сондықтан осы тақырып аясында кешенді зерттеу жүргізілуі керек».

 

              Бұл туралы Алматы облыстық   ішкі     саясат  басқармасының  ұйымдастыруымен Талдықорғанда өткен конференцияда танымал жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Бексұлтан Нұржекеұлы мәлімдеді.

                Биылғы  жылдың  қазан айында Панфилов ауданының орталығы Жаркент  қаласында  Орбұлақ шайқасының 375 жылдығы аталып өтеді. Шара аясында ғылыми-теориялық конференция мен «Асыл мұра» халықаралық жыршылар шеру-фестивалі  ұйымдастырылып, «Орбұлақ шайқасы» мемориалды кешені ашылады деп жоспарланып отыр.

(Өз  тілшіміз).

 

 

Күнтізбе

« Қыркүйек 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30

booked.net