Астананың 20 жылдығына орай, жетісулықтар 20 мың метр биіктікті бағындырды

Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында Астана қаласының 20 жылдығына орай Жетісу альпинистері жалпы биіктігі 20 мың метрді құрайтын 7 шыңды бағындырды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында Жетісу георграфиялық қауымдастығының жетекшісі Демегенов Ануар баяндады.

 

Спикердің айтуынша құрылған топ  биіктігі 2000 метрді құрайтын «Текелі» шыңы, 1500 метр  болатын «Лабасы», 7010 метрді құрайтын «Хан Тәңірі» шыңын, 3053 метр  биіктіктегі «Фурманова», 3260 метр  «Панарама», 3353 метр «Башута», 3954 метр биіктігі бар «Турист» шыңдарына шықты.

Шара мақсаты - Алматы облысының таулы туризмін дамыту және салауатты өмір салтын қалыптастыру, жергілікті тарихты, этнографияны дамытуға, география тарихын зерттеуге жәрдемдесу.

«Шыңдарды бағындыруға 3-4 ай уақыт кетті. Тауға шығу барысында

ауа райының қолайсыздығы болмаса, басқа қиындық туғызған жоқ. Бірақ, жоғарыда аталған таулардың бірі, яғни «Хан Тәңірі» өзім үшін ерекше. Себебі, 7010 метрді құрайтын шыңды бағындыру оңай шаруа емес. Алдағы уақытта осы қарқынымызбен тоқтап қалмай, туризм аясында көптеген іс-шаралар ұйымдастыру ойымызда бар», - деп қорытындылады А.Демегенов.

 

 

Күнтізбе

« Қазан 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

booked.net