Қызығы мол теңбіл доп

 

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Елордамыз Астананың 20 жылдығына  орай  аудандық білім бөлімінің, Жаркент қаласы  әкімшілігінің  ұйымдастыруымен мектеп оқушылары арасында футболдан  жарыс  өтті.   Жарыс Жаркент қаласындағы  қайта   қалпына  келтіріліп отырған орталық стадионның футбол  алаңында   болды.

 

         Жарыстың ашылу салтанатында сөз алған аудандық мәслихаттың депутаты, А.Луначарский атындағы орта мектеп-гимназиясының директоры Нүсіпәлі Нұрғалықұлы  «Өз кезінде осы мектеп жанында орналасқан орталық стадионда Алматы облысының бас командасы «Жетісу» кәсіпқой футбол клубы жасақталып, үлкен спортқа жол тартқан. Республикалық бюджеттен қаржыландырылып, толықтай жөндеуден өткен  бұл стадион енді жас спортшылардың игілігіне беріліп отыр» деп сөзін аяқтады.

         Келесі  болып сөз алған Жаркент қаласы әкімінің жастар ісі жөніндегі орынбасары, спорт- нұсқаушысы Бекжан Бекенұлы мектеп оқушыларының сапалы білім алуларымен қатар спортқа жақын болып өз үлестерін қосып отырғандарына қала әкімі атынан алғысын білдірді. Бұдан кейін жарысқа келген сегіз мектеп командалары жеребе байынша екі топқа бөлініп, жүлделі орындар үшін жарысты бастап кетті. Бірінші топқа  А.Луначарский мектеп-гимназиясы, Жамбыл атындағы орта мектеп, Х.Хамраев- 2 мектебі мен № 6 мектеп- интернаты түссе, екінші топқа жаркенттік Х.Хамраев- 1, Үшарал орта мектебі, көкталдық Абай атындағы орта мектеп және А.Луначарский мектеп- гимназиясының-2 командасы ойнады.

    Бірінші топтан барлық қарсыластарынан басым түскен қалалық Жамбыл атындағы орта мектеп командасы финалға шықса, Луначарский мектеп гимназиясы жүлделі орынға таласуға мүмкіндік алды. Екінші топтан Көкталдық Абай мектебі мен қалалық Х.Хамраев атындағы орта мектеп командасы озып шықты.

                 Жүлделі үшінші орын үшін болған ойында Х.Хамраев мектебі А. Луначарский мектеп гимназия командасын 4:2 есебімен жеңді.

                Жарыстың финалдық бәсекесінде шыққан жаркенттік Жамбыл мен Көкталдық Абай атындағы орта мектеп командалары арсындағы тартыста, негізігі уақыт 3:3 есебімен тең аяқталды. Қосымша белгіленген уақытта Жамбылдықтардың қақпасына бір доп соққан Абайлықтар жарыстың бас жүлдесін қалалықтардан жұлып алып, көтеріңкі көңіл-күйлерімен  ауылдарына қайтты.

    Жарыс соңында жеңімпаз пен жүлделі орындар алған командаларды марапаттау рәсімі  өтті. Аудандық білім бөлімі мен Жаркент қаласы әкімінің грамота-дипломдары табыс етілді. Сонымен қатар жарыстың үздік ойыншылары атанған: Акимжан Норузов (қақпашы), Назым Сайдулдаев (қорғаушы), Мерхат Нұрланбек (үздік ойыншы), Санжар Құрманжан (мерген ойыншы),  Дарын Омарғали (үздік ойыншы), Ислам Садықов (үздік шабуылшы), Диля Тұрсынов (үздік ойыншы), Ришад  Полатов (ең үздік жас ойыншы), Ашим Сайдуллаев  (ең үздік төреші) мақтау қағаздарымен марапатталды.

                   Сұлтанғазы    Қоқаби,

                №1 балалар мен

                жасөспірімдер              спорт    мектебінің       футбол                   жаттықтырушысы.

Күнтізбе

« Сәуір 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30            

booked.net