«Өнерім-өмірім» атты X облыстық вокалды хореографиялық байқауының ЕРЕЖЕСІ

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында облыс әкімінің бекіткен жоспарына сәйкес 2018 жылғы сәуір айының 3-ші онкүндігінде Талдықорған қаласында Астананың 20 жылдығына арналып, облыстық деңгейде өткізіледі.              

Байқаудың негізгі мақсаты мен міндеттері:

 

                •«Рухани жаңғыру» бағдарламасының құндылықтары негізінде жаңа қазақстандық патриотизмді қалыптастыру;

                •«Менің елім» жалпыұлттық жобасы бойынша мәдениет саясатының оның ішінде музыка, хореография, орындаушылық саласындағы тұжырымдамасын жаңғырту;

                •Жалпыұлттық өзіндік сананы қалыптастыра отырып, этносаралық қатынасты нығайту, жастарды қазақстандық бірегейлік пен бірлік қағидаттарында тәрбиелеу;

                •Қазақстан халқының әр алуандылық мәдениетін дамыту;

                •Көркемдік дәрежесі жоғары, рухани-эстетикалық тәрбиесі мол ән-би өнерін халық арасына кеңінен насихаттау;

                •Өскелең ұрпақты шығармашылық байланыста  тәрбиелеп, этностар арасында достық қатынасты нығайту;        

                •Дәстүрлі және эстрадалық әндер мен би өнерін жастар арасында кеңінен насихаттау;

                •Өнерпаздардың орындаушылық шеберліктерін шыңдау;

Байқауды  ұйымдастырушылар

                Облыстық «Өнерім-өмірім» вокалды - хореографиялық байқауының негізгі  құрылтайшылары:

Алматы облысының әкімдігі;

Алматы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы; «Достық Үйі- Қоғамдық келісім орталығы» КММ;

Алматы облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы;

«Өлке тынысы» ЖШС;

                Байқаудың талаптары мен шарттары

                Байқау аудандық, өңірлік, облыстық 3 турдан тұрады: іріктеу, жартылай финалдық және финалдық. Өңірлік жартылай финал турына аудандық байқаудың жеңімпаздары жолдама алады. Әр аудан, қала 13 сәуірге дейін жергілікті жерлерде іріктеу кезеңін ұйымдастырады.

                Алматы аймағы  бойынша жартылай финал  17 сәуір күні Талғар қаласында, Талдықорған аймағы бойынша 19 сәуір күні  Достық үйінде өтеді.

                Финалдық кезеңі мен Гала -концерт  сәуір айының 3-ші онкүндігінде Талдықорған қаласында І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті №3 ғимаратының акт залында (Абай көшесі мен Қабанбай көшесінің қиылысы) өтеді.  Нақты уақыты қосымша хабарланады.

                Байқауға қатысушылардың қауіпсіздік шаралары, келіп-кету жол шығыны, тамағы жіберуші жақ есебінен қарастырылады.

                Байқауға қатысу үшін 2018 жылдың 14 сәуіріне дейін төмендегідей құжаттарды тапсыру керек:

                -Байқаудың қорытындысы және жеңімпаздары туралы аудан әкімдігінің жауапты тұлғасы қол қойған хаттамасы мен ұсыныс хаты;

                -Белгіленген үлгідегі өтініш (баспа әріптермен толтырылған);

                -Жеке куәлік немесе туу туралы куәлік (көшірмесі);

                -9х12  көлеміндегі фотосурет;

                -Байқауға қатысатын  ұжымдардың тізімі (аты-жөні, туған жылы, айы, күні, мекен жайы, жеке куәлігінің нөмірі).

                Байқау 2 номинациядан тұрады:

                “Ән салу” номинациясы бойынша:

                -Патриоттық немесе қазақтың  халық  әндерінен  (дәстүрлі ән немесе эстрада, классика т.б) міндетті түрде 1 ән

                -Қазақстан композиторларының немесе алыс-жақын шетел композиторларының шығармаларынан – 1 ән.

                 Барлығы – 2 ән орындалады.

                Міндетті түрде бір әні бимен көркемделуі тиіс. Бұл номинация бойынша үміткерлер жеке дауыста, ансамбль (дуэт, трио, квартет, квинтет және т.б.) ретінде қатысуына болады. «Бэк» вокал рұқсат етіледі.

                Әншілер жанды дауыспен айтады.

                Хореографиялық номинацияда  би ұжымдары 2 категория бойынша байқауға қатысады:

                1 – категорияға “Халықтық”, “Үлгілі” атағы бар би ұжымдары;

                2– категорияға атағы жоқ әуесқой би ұжымдары.

                 Осы номинацияда:

                -Ұлттық биден – 1 би;

                -Ұлттық бидің қазіргі хореографиялық үлгідегі түрі немесе қазіргі заман биі (модерн, степ, рэп, хип-хоп, дефиле данс, джексонс стиль және т.б.)-1 би.

            Барлығы -2 бимен қатыса алады.

Міндетті түрде бір биі конкурстық әнді көркемдеуі тиіс.

                Хореографиялық номинацияға кемінде үш бишіден бастап  немесе ұжым ретінде қатысады.

                Ескерту: Вокал номинациясы бойынша   16-35   жас   аралығында

                Хореография номинациясы бойынша 13-30 жас аралығындағы өнерпаздар қатыса алады.

                Байқауға қатысушылар өз флэш-карталарына орындаушының аты-жөнін, әннің реттік нөмірін, номинациясының атын жазып көрсетуі қажет.

                Байқауды бағалау тәртібі:

                Байқауға қатысушылардың орындаушылық қабілеттерін бағалау кезінде қазылар алқасы төмендегі жағдайларды басшылыққа алады:

                •репертуардың ұлттық бояуы мен көркемдік идеялық дәрежесі;

                •орындаушылық шеберлігі;

                •би қозғалысының ритмикасы мен синхрондығы;

                •сахналық мәдениеті мен киім үлгілері;

                •таспаға жазылған музыкалық шығарманың сапалығы.

                •Ұжымның ұйымшылдығы мен тәртібі есеріледі.

Марапаттау  тәртібі:

      “Ән салу” номинациясы бойынша:

    Бас жүлде – арнайы диплом және бағалы сыйлық (ең үздік орындаушылық шеберлік көрсеткен үміткерге табысталады);

                І орын - арнайы диплом және бағалы сыйлық;

                ІІ орын- арнайы диплом және бағалы сыйлық;

                ІІІ орын - арнайы диплом және бағалы сыйлық;

                Ынталандыру сыйлығы – арнайы диплом және бағалы сыйлық.

                “Хореографиялық” номинация бойынша:

                Бас жүлде - арнайы диплом және бағалы сыйлық (екі категория бойынша үздік деп табылған би ұжымына табысталады);

                І орын  - екеу, арнайы диплом және бағалы сыйлық;

                ІІ орын - екеу, арнайы диплом және бағалы сыйлық;

                ІІІ орын - екеу, арнайы диплом және бағалы сыйлық;

                Ынталандыру сыйлығы – арнайы диплом және бағалы сыйлық.

                Байқауға жеңімпаздарды дайындаған педагогтар мақтау грамотасымен марапатталады.

                Қазылар алқасы номинация бойынша үздік деп табылғандарға жүлде көлемі мен ретін және  дипломдар тағайындауға құқы бар. Қазылар алқасының шешімі қайта қаралмайды.

                Мемлекеттік және қоғамдық ұйымдар, жеке тұлғалар байқауды ұйымдастыру комитетімен келісе отырып, олардың тілектеріне сәйкес берілетін арнаулы жүлделер тағайындауына болады.

                Ұйымдастыру комитетінің мекен-жайы: Талдықорған қаласы, Жансүгіров көшесі 36«а», «Достық Үйі – Қоғамдық келісім орталығы», 116, 117  бөлме. Байланыс телефоны: 8(7282) 40-08-25, 30-56-40. Факс: 8(7282) 30-57-76, Ұялы тел: 8 707 222 88 43, 8 775 474 56 53. E-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Күнтізбе

« Шілде 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

booked.net