Егемен елміз, еркін халықпыз

Биыл Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 27 жыл болды. Дербес мемлекет ретінде дамыған Қазақстан елі осы 27 жыл ішінде айрықша маңызды саяси, экономикалық, әлеуметтік мәдени тұрғыдан қалыптасу жолынан өтіп, талай қиындықтар мен ақжолтай қуанышты оқиғаларды бастан кешті.

 

      Ең бастысы – Қазақстан халқы Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың ұстаған салиқалы саясатына сеніммен қарап, болашаққа бағытталған барлық бастамаларға қолдау білдірді.

     «Бірлік бар жерде тірлік бар» деген қанатты сөз қазақ елінде мың мәрте дәлелденді. Бүгінде Тәуелсіздікке қазақ қол жеткізді. Қазақ елінің Тәуелсіздігін төрткүл дүние таныды. Арман болған ғарышқа қазақ баласы самғады. Мыңдаған отандастарымызды қасіретке дұшар еткен Семей полигоны жабылды. Қазақстанның мемлекеттік құрылысы өркениетті жүйемен қалыптасты, ел экономикасы нарықтық қатынастарды игерді. Байтақ даламыздың кіндігінде сәулеті мен дәулеті жарасқан жас елордамыз – Астана қаласы бой көтерді. Қазақ өнері мен спорт жұлдыздары халықаралық бәйгелерде топ жарды.

     Осылайша туған елдің тұғыры биіктеді. Биіктей берсін!

Бағдат  АЙТМҰҚАЕВА .

Күнтізбе

« Наурыз 2019 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31

booked.net