Мемлекеттік қызметшілерді БАҚ пен әлеуметтік желілердегі резонанстық жарияланымдарға дұрыс жауап беруді үйрету жоспарлануда

25.07.2019ж

Бүгін Астанада Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жаилғанованың төрағалығымен алдағы кезеңге арналған жұмыс басымдықтарын талқылау бойынша МҚІА-ның кеңейтілген отырысы өтті.

 

     Күн тәртібінде мемлекеттік қызметшілердің азаматтармен тиімді және сапалы өзара іс-қимылының өзекті мәселесі айтылды.

    «Президенттің Үкіметтің кеңейтілген отырысында айтылған тапсырмасын орындау үшін мемлекеттік қызметшілердің азаматтармен өзара іс-қимыл жасау дағдыларын дамытуға ерекше көңіл бөлу, оларды Мемлекеттік басқару академиясының базасында БАҚ-тағы, әлеуметтік желілердегі резонанстық жарияланымдарға дұрыс әрекет ете білуге үйретуді қамтамасыз ету қажет», - деді ведомство басшысы.

     Академияға бірінші кезекте жергілікті атқарушы органдардың басшы қызметкерлері үшін осындай дағдыларды оқыту бағдарламаларын әзірлеу тапсырылды.

     «Мемлекет басшысы Шетелдік инвесторлар кеңесінің отырысында білім беру жүйесі экономиканың бір бөлігі болып табылатындығын атап өтті.

    Әрбір мемлекеттік қызметшінің біліктілігі, халықпен және халықтың мүддесі үшін жұмыс жасау қабілеті мемлекеттік аппарат пен қоғам арасындағы сенімді қарым-қатынас құрудағы жүйе құраушы элемент болады», - деді А.Жаилғанова.

    Анар Жаилғанова өз сөзінде мемлекеттік органдарға жүгінген кездегі азаматтардың мүдделері мен құқықтарын қорғауға ерекше назар аударды.

     «Бүгінгі таңда Агенттікке келіп түскен өтініштер санының өсуі байқалады, бұл халықтың біздің жұмысымызға деген сенімінің көрсеткіші болып табылады.

     Осы ретте, біз олардың сапалы және уақтылы қаралуын қамтамасыз етуге міндеттіміз. Әрбір шағым жан-жақты зерделеніп, қисынды аяқталуға тиіс», - деді Агенттік Төрағасы.

    Анар Жаилғанова өтініштерді сапасыз қарау фактілері талданып, кінәлілерге қатысты елеулі шаралар қабылданатындығын ескертті.

 

 

Күнтізбе

« Желтоқсан 2019 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

booked.net

  • Материалды қарау саны : 725546