Елімен етене Елбасы

28.11.2019ж

Еліміздің   жұртшылығы   жыл сайын Тұңғыш Президент күнін рухани және   еңбек   өрлеуі  жағдайында қарсы алады. Халық сонау 1991 жылы өткізілген Президент  сайлауында Н.Назарбаевқа  күмәнсіз  сенім  артып,  тізгінді тапсырған.

 

                Ел үмітін арқалаған Елбасы тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы  қиыншылықтардан халқының өзегін талдырмай алып шықты. Алып қана шыққан жоқ, әлемдік өркениеттің ұлы көшіне қарай нық қадам басты.

                Халық бүгінде таңдау жасағанда  қателеспегеніне кәміл сенеді. Өйткені экономикамыздың өрге басуы, халықтар арасындағы мызғымас достық, салауатты өмір салтының орнығуы, алыс-жақын шетелдермен бейбіт қатынас орнауы -  Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың арқасы. Сондықтан Елбасының  елі үшін сіңірген ұлан-ғайыр еңбегін үнемі насихаттап, жұртшылыққа түсіндіріп  отыру үрдіске айналды.

                Бұл өнеге үрдістен Пенжім ауылдық округі де тыс қалған жоқ. Президент күні  қарсаңында әртүрлі  мәдени  шаралар өткізуде.

С.Омашбеков,

Пенжім  ауылдық 

округінің

бас  маманы.

 

Күнтізбе

« Қыркүйек 2020 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30        

booked.net

  • Материалды қарау саны : 1352289