Мемлекетіміздің болашағы - балалар

07.09.2020ж

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі" атты Қазақстан халқына Жолдауында: "Біз балалардың мектепке дейінгі жан-жақты даму мәселесін шешуіміз керек. 2025 жылға қарай 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен 100 пайыз қамтамасыз етуді міндеттеймін" деп Үкіметке бірқатар тапсырма берді.

Президентіміздің "Қолжетімді әрі сапалы білім" атты бесінші бағытында айтылған бұл сөздері балабақша тәрбиешісі ретінде менің де ойымнан дөп шықты. Расында біз бүгінде балалардың мектепке дейінгі жан-жақты даму мәселесіне айрықша көңіл бөлуіміз қажет. Өйткені, мемлекет басшысы айтқандай, "балалар үшін қатерлі бүгінгідей аумалы-төкпелі жағдайда олардың күш-жігері мен қызығушылығын дұрыс арнаға бағыттау аса маңызды".
Балалар - ел келешегі. Оларға дұрыс тәрбие беру, оқыту, дұрыс бағыт-бағдар сілтеу - біздің басты міндетіміз. Мектепалды даярлықтан жақсы тәрбие мен тәлім алып шыққан бала ертең еліміздің дамуы мен көркеюіне зор үлесін қосатынына сенімдімін. Себебі, Президентіміз айтқандай, "балалар мемлекетіміздің болашағы емес пе?!"
Раушан МҰхамерова,
«Арай» балабақшасының мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі.

Күнтізбе

« Қазан 2020 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

booked.net

  • Материалды қарау саны : 1427502