Алакөл ауданында "Сервистік әкімдік" талаптары сақталған

14.09.2020ж

Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың "Халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасын іске асыру мақсатында және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің бастамасымен «KYZMET LIVE» жобасы аясында бүгін "Ақпараттық, үгіт-насихат"

штабының мүшесі, аудан әкімі аппаратының басшысы Дамир Сатыбалдиевпен  баспасөз-мәслихаты өткізілді.

 Баспасөз-мәслихаты барысында аппарат басшысы Д.Сатыбалдиев Алакөл ауданында І жартыжылдық бойынша көрсетілген мемлекеттік қызметтер туралы баяндады.

 Оның айтуынша, жалпы мемлекеттік қызметті аудан әкімдігінің 35 құрылымдық бөлімшелері көрсетеді.

Ағымдағы жылдың қаңтар-ақпан айларында 98 қызмет, наурыз айынан бастап 84 қызмет және а. ж. 6 айында 61 қызмет түрінен 9 340 мемлекеттік қызмет көрсетілген.

 Бүгінгі таңда аудан бойынша  2020 жылдың  І жартыжылдығында көрсетілген мемлекеттік қызметтердің стандарттары мен регламентерінің бұзылуының алдын алу бойынша  мемлекеттік органдар тарпынан 24 семинар-кеңес өткізілген.

 24 ауылдық округтерде және 44 білім ордаларында, бала бақшаларда өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары ашылып, жұмыстар атқарылуда. Жалпы Egov бұрыштары арқылы 4000-ға жуық анықтама алынса, мемлекетік қызметтердің сапасын арттыру бойынша ашылған «Digital agent» (Цифрлы агент) қосымшасын ауданда насихаттау жұмыстары жүргізіліп, бильбордтар ілінді.

 "Электронды үкіметті дамыту, халықтың ком-пьютерлік сауаттылығын көтеру, халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін жақсарту, сол арқылы мемлекеттік қызмет сапасын арттыру жөнінде тапсырманың орындалуы – басты назарда. Мемлекет басшысының мұндай саясаты еліміздің одан әрі өркендеуіне, халқымыздың әл-ауқатының артуына, сыбайлас жемқорлық көріністері мен бюрократтық тосқауылдардың азаюына негіз болады деп есептеймін", — деді Дамир Сатыбалдиев.

 Айта кету керек, ағымдағы жылдың тамыз айында Үшарал қалалық округі әкімдігі аппаратының ғимаратында "Сервистік әкімдік" кеңсесі ашылған болатын.

 Қазіргі уақытта "Сервистік әкімдік" талаптарына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуде. Ол кеңседе «Үшарал қалалық округі әкімі аппараты», «Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі», «Аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі», «Аудандық Білім бөлімі» және «Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бөлімдерінің» мамандары электрондық мемлекеттік қызметтер көрсетеді.

 

Күнтізбе

« Қазан 2020 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

booked.net

  • Материалды қарау саны : 1421603