Ғасыр саңлағы

1  желтоқсан - Тұңғыш   Президент  күні.  Биыл  еліміз  өз  тарихында

 алтыншы мәрте Президент  күнін атап өтеді. 1991 жылы 1 желтоқсанда алғаш рет Қазақ КСР Президентінің   жалпыхалықтық сайлауы  өтіп,  Н.Назарбаев  бірауыздан ел Президенті   болып  сайланды.

 

            Конституцияға сәйкес Елбасымыз Қазақстан Республикасы Президентінің антын берді, ал депутаттар «Қазақстан Республикасы Президентінің лауазымына кірісуі туралы» қаулы қабылдады. Яғни, 1991 жылдың 1 желтоқсаны мемлекетіміздің өз тағдырын  өзі айқындаған алғашқы қадамы болды, сол себепті бұл күннің мемлекеттік мереке ретінде белгіленгенін халқымыз қуанышпен қабылдады және бірнеше жылдан бері халықтық мерекеге айналды. Бұл күн әлемдік деңгейдегі сарабдал саясаткер Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың басшылығымен еліміздің тәуелсіздік кезеңінде жеткен ерекше жетістіктеріміз бен әлем алдындағы жинаған халықаралық зор беделімізге бір мәрте ой жүгіртіп салиқалы қорытынды жасайтын қасиетті күн. Біздің қазақстандық қоғамда Президент пен Халық ұғымы біртұтас болып қалыптасуы заңды дәстүр болып табылады.

                Н.Назарбаев елімізді басқарған кезең-тарихи оқиғаларға толы, ғасырға бергісіз кезең болды.                   Ел тарихындағы айтулы оқиғаларға Ата Заң, Мемлекеттік рәміздер, еліміздің Бірікккен Ұлтар Ұйымының мүшелігіне қабылдануын, Сарыарқа төсіне әлем таныған Астана қаласын салдыруын тағы басқа көптеген оқиғаларды атауға болады. Саяси, эканомикалық, құқықтық реформалар сәтті жүзеге асуының нәтижесінде еліміз нарықтық қиындықтарды сауатты еңсеріп нарықтық эканомикаға өттік, әлемдегі алпауыт мемлекеттер санасқан өркениетті мемлекет құрып, сын сәттерден сүрінбей өте білдік. Бабаларымыз ерлік күрес жүргізе жүріп армандаған тәуелсіздікке қол жеткіздік, ұлтымыздың асыл мұраттары ұлықталды. Әлемге тарыдай шашылып кеткен қазақты атамекеніне оралтқан, бүгінгі биікке жеткізген, барлық қазақстандықтар өздерінің нұрлы болашағын байланыстырып отырған жалғыз әрі басты тарихи тұлға- Нұрсүлтан Әбішұлы Назарбаев деп айтсақ қателеспейміз.

                26 жылдан бері көк Туымызды берік ұстап келе жатқан Елбасымыз әлемдік мінберлерден өзінің бейбітшілік сүйгіш тың бастамаларымен басқа мемлекеттерге жол көрсеткен, жауласушы тараптарға араағайындық жасаған, дінаралық татулыққа шақырған өркениетті қоғам мойындаған халықаралық беделі ерекше мемлекетке айналды. Елбасымыз халқына, халқы Елбасымызға сенеді. Себебі,  «Мәңгілік елге» бара жатқан бағытымыз айқын, болашағымыз жарқын, еліміздің бірлігі, тірлігі, ынтымағы арқасында кез келген қиындықтарды еңсеретінімізге сеніміміз мол. Ел сенімін ақтаған Елбасымыз барда барлық стратегиялық бағдарламаларды сәтті орындап, даму мен өркендеудің сара жолымен сенімді жүре отырып бақыттың, молшылықтың, тыныштықтың нұрына бөленген болашаққа жететінімізге халқымыздың сенімі мол.

                Н.Назарбаев тек  Мемлекет басшысы ғана емес «Нұр Отан» партиясының да көшбасшысы, әлем мойындаған сарабдал саясаткер, ғасыр саңлағы,Ұлы Дала төсін сан ғасырлардан бері мекендеген қазақ халқының ғана емес әлемнің бағына туған ерекше тұлға деп   мақтануымызға    болады.

 

Күнтізбе

« Желтоқсан 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31

booked.net