Тарихи қадам

Елбасының Қазақстан халқына арнаған «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы жаһандық бәсекеге қабілеттілік»  атты  кең ауқымды Жолдауы қазіргі заманның талабына сай жазылған тарихи қадам болып табылады.Мемлекет басшысы атап өткендей, Қазақстанның бірінші жаңғыру кезеңі тәуелсіздік алған  жылдардан басталады.

 

                Оған экономикамыздың нарыққа көшіп,  жоспарлы экономикалық кезеңнен шығып әлем картасында болмаған жаңа мемлекеттің құрылуы уақытын жатқызамыз.

       Екінші  жаңғыруымыздың кезеңі «Қазақстан 2030» стратегиясының кабылдануымен және жаңа елорда - Астананың салынуымен  ерекшеленеді.

     Енді Мемлекет  басшысы еліміздің үшінші жаңғыру жолдарын айқындап берді. Оның себебі экономикамызды жаңа жағдайға, әлемдік бәсекелестікке бейімдеуіміз керек.

                Үшінші жаңғыру экономиканың технологиялық жаңаруына және инновациялық салаға күш-қуатты беру керек.Ал жаңа индустриялар  қалыптастырудың маңызды шарты – инновацияны қолдау және оларды өндіріске тезірек енгізу.

                        (ӨЗ   ТІЛШІМІЗ).

 

Күнтізбе

« Желтоқсан 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31

booked.net