Мақсат - ауыл халқының табысын арттыру

21.102021ж

     Ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігін екі еседен астам ұлғайту, ішкі нарықты  отандық  өндірістің азық-түлік тауарларымен қамтамасыз ету Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың 2021-2025  жылдарға арналған ұлттық жобасының негізгі міндеттері.

 

    Ауыл шаруашылығы министрі  Ербол Қарашөкеевтің айтуынша, бұл құжат Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша әзірленген, ол күш-жігер мен ресурстарды шоғырландыруды қажет ететін нақты, тораптық міндеттер мен жобаларды шешуге бағытталған.

    «Ұлттық жобаны әзірлеу кезінде агроөнеркәсіптік кешенді дамытудағы жаһандық сын-қатерлер мен әлемдік трендтер, бұдан бұрынғы мемлекеттік және салалық бағдарламаларды іске асыру қорытындылары ескерілді.

     Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Ұлттық жобаның мынадай негізгі міндеттері айқындалды: ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігін 2,5 есе арттыру; Қазақстан рыногын отандық өндірістің негізгі азық-түлік тауарларымен қамтамасыз ету; өңделген өнім үлесін 70%-ға дейін жеткізе отырып, агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспортын 2 есеге ұлғайту; 7 ірі эко жүйе қалыптастыру және инвестициялық жобаларды іске асыру есебінен 1 млн ауыл тұрғындарының табысын  тұрақты арттыру.

     Еңбек өнімділігін 2,5 есе арттыру мақсатына қол жеткізу үшін жоғары сапалы тұқымдарды, минералды тыңайтқыштарды, заманауи техника мен технологияны, суармалы егіншілікті және т.б. қолдану қажет. Сондай-ақ тұқым шаруашылығын мемлекеттік қолдау шараларын іске асыру, тұқымдарды қадағалау жүйесін құру, тұқым өсіру шаруашылықтарын қазіргі заманғы техникамен және жабдықтармен техникалық жарақтандыру есебінен дамыту жоспарланып отыр.

     Минералды тыңайтқыштарды қолдану деңгейін арттыру мақсатында өнеркәсіптік өндірістің органикалық тыңайтқыштарын   субсидиялау және агрохимиялық қызметтің республикалық ғылыми-әдістемелік орталығының қызметі мен материалдық-техникалық базасын жетілдіру көзделген.

       Импортқа тәуелділікті төмендету және мал шаруашылығы өнімінің экспортын арттыру мақсатында қарқынды мал шаруашылығына көшу жалғастырылады. Бұл үшін фермерлік шаруашылықтарға мал сатып алуға кредит беру көлемін ұлғайту, азық өндірісін ынталандыру, шалғайдағы мал шаруашылығын және жайылымдардың инфра- құрылысын  дамыту жоспарлануда.

С.Әліпбай.

Күнтізбе

« Қаңтар 2023 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

booked.net

  • Материалды қарау саны : 3139368