Қамқорлық аясы кең
- Толығырақ
- Жарияланды 23.01.2018 10:50
- Автор: Super User
- Категория: Ел және Елбасы
- Қаралды: 1536
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына арнаған биылғы Жолдауы –еліміздегі жасампаздықтың жолдарын айқындап берген тарихи құжат сияқты. Жаңа технологиялық өзгерістерге толы осы заманның ілгерлеуіне жаңа жол ашқан бұл Жолдаудың міндеттері біз сияқты жас ұрпақ тәрбиесімен тікелей айналысатын – ұстаздар қауымына да жауапкершілік жүктейді.
Жолдаудағы «Мұғалім мәртебесін арттыру мақсатымен білім берудің жаңартылған мазмұнына көшкен ұстаздардың лауазымдық жалақысын 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап 30 процентке көбейтуді тапсырамын!» – деген Елбасының бұл талабы – біздерді қуанышқа бөлеп отыр.
Осындай қамқорлыққа сай нәтижелі еңбек ету –басты борышымыз.
Өркен Манақбаев,
Елтінді батыр атындағы
орта мектептің мұғалімі.