Ел жүрегі –Елорда

 Еліміздің жүрегі, жастардың үміт-тірегіне айналған, әлемге Қазақстан Республикасының мәртебесін  асқақтатып отырған Астана-бүгінде әр қазақтың мақтанышы.   Биік мақсаттар мен асыл мұраттардың тоғысқан жері «Бейбітшілік қаласы» қазіргі  таңда әлеуметтік-экономикалық, саяси, рухани және мәдени өмірдің орталығына айнала отырып, тұрақты этникааралық қатынасты  орнықтыруға қол жеткізе алған ғаламшардың жас қалаларының бірі болды.

 

                2010 жылы өткен ОБСЕ Саммиті еліміз үшін ішкі және сыртқы маңызды оқиғалармен ерекшеленсе, 2011 жылдың қаңтар-ақпан айларында Қазақстанда тұңғыш рет VII  Қысқы Азияда ойындары болып өтті. Сол мерзімде Астана мен Алматы қалалары Азия құрлығы өміріндегі спорт саласының қайнаған орталығына айналғаны мәлім.  Сонымен қатар, Астанамызға биыл - 20 жыл.

                Бүгінде елордамызда экономикалық-саяси іс-шаралар, жеңіл және ауыр өнеркәсіп, спорт, медицина мен өнер саласы қарқынды түрде дамып келе жатыр. Соның нәтижесінде Астананың аз уақыт  ішінде  күннен-күнге  өркендеп, едәуір  дамуы, қала болашағының  кемелді екенін аңғартып қана  қоймай, әлі  талай  мемлекетіміздің  абыройын  асқақтатары  анық.

Динара Тұрлыбайқызы,

мұғалім.

Күнтізбе

« Маусым 2023 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30    

booked.net

  • Материалды қарау саны : 3434156