Азаматтарды қабылдады

Жуырда «Нұр Отан» партиясы  аудандық филиалының  ғимаратында Алматы  облыстық мәслихатының депутаты З.Кузиев тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.

     Қабылдауға келген азаматтардың өтініш-сұрақтарына жауап беру мақсатында сала басшылары да шақырылған болатын. Олардың қатарында аудандық мәслихаттың хатшысы Е. Шоқпаров, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қ. Досмайлов, қала әкімі Е. Нұрахметов, аудан прокуроры А. Төребеков, аудандық медициналық әлеуметтік сараптама бөлімінің жетекшісі С.Мейірманов, тағы басқалар болды.

            Бұл күні халық қалаулысының қабылдауына 13 азамат келді. Олардың ішінде балабақша, мүгедектік туралы, тұрғын үй мәселесі, тағы басқа  әлеуметтік жағдайларына    байланысты мәселелер қаралды.

            Депутат  З. Кузиев  қабылдауға келген үш азаматқа өз  қалтасынан көмек көрсететіндігін айтып, келушілерді қуантты.     Қабылдауда болған азаматтардың бәрі өтініштері мен сұрақтарына оңды жауаптар  алды  деп айтуға  болады.

Б.Жұмағазы.

 

Күнтізбе

« Маусым 2023 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30    

booked.net

  • Материалды қарау саны : 3434122