ЦИФРЛЫ ҚАЗАҚСТАН: Индустрияландыру-өркендеу тетігі


                Бүгінде еліміздің  экономикалық-әлеуметтік дамуы  қарқын алып, халықтың әл-ауқатының жыл өткен сайын жақсарып келе жатқаны шындық. Еліміздің бақуатты болашағы нұрлы  «Мәңгілік елге» айналатынына бек сенімдімін.

                Өйткені, адал еңбекпен елімізді өркендету, кәсіпкерлікті барынша дамытудың ел экономикасының локомотиві екенін өзіміздің еңбек жолымыздан анық көріп, жемісін жеп отырамыз.

 

                Елбасымыздың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауындағы 1-ші бағытындағы «индустрияландыру жаңа технологияларды енгізудің көшбасшысына айналуы тиіс» атап көрсетіп, индустрияландыруға басты назар аударып отырғанын қолдаймын.

                Кәсіпорындарды жаңғырту, цифрландыру арқылы өнімнің  экспортқа шығуын  көздейтін жаңа құралдарды әзірлеп, сыннан өткізудің еліміздің экономикалық әлеуметтік көтеретініне, яғни елімізді әлемнің ең дамыған 30 мемлекетінің қатарына енуге алғы шарттар жасалатынына халқымыз  сенімді деп айта аламын. Индустрияландырудың экономикамызды өркендетудің негізгі тетігі екендігі себепті оны жүзеге асыру елімізді дамудың жаңа сатысына көтеретін болады.

Елтай Қожақов,

аудандық мәслихат депутаты.

Күнтізбе

« Қазан 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

booked.net