1 миллион теңге-аз қамтылған отбасыларына

«Жаныңда жүр жақсы адам» демей ме халық нақылы. Осындай күнделікті жанымызда жүрген жүрек жылуы мол, қолы ашық-атымтай жомарт жандарды елеп, ескере  де  бермейміз.

 

                «Жан жылуы жақсыдан» деген емес пе, сондай жомарт жүректі азаматтардың бірі-Қадырахон Абдул.  Ол басқаратын жүн  жуып, тері өңдейтін «Ақ сұңқар 2030» ЖШС-нің жүн жуу цехы 2016 жылдың маусым айынан  іске   қосылып, жұмыс  жасауда. Алдағы уақытта тері өңдейтін цехты  іске  қосу  жоспарланған.

 «Ақ сұңқар 2030» ЖШС-нің құрылтайшысы Қадырахон Абдул Қазақстан  Республикасы  Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мерейтойы қарсаңында бір миллион теңге ақшаны аудандағы аз қамтылған, тұрмыс жағдайы төмен тұрғындарға көмек беру мақсатында аудандық ардагерлер Кеңесінің  есепшотына    аударды.

 

Күнтізбе

« Қараша 2019 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  

booked.net

  • Материалды қарау саны : 680449