Көшбасшы партияның жобалары

Елбасы  Н.Назарбаев жетекшілік ететін «Нұр Отан» партиясы - қазақстандық көшбасшы партия  ғана емес,  дамудың серпінді жолын таңдаған  мемлекетіміздің  жаңаша  сипатын қалыптастыруға  атсалысып келе  жатқан  заманауи  партия.   Партия төрағасы Н.Назарбаев өзінің биылғы Жолдауында: «Бүгінде әлем Төртінші өнеркәсіптік революция дәуіріне, технологиялық, экономикалық және әлеуметтік салалардағы терең және  қарқынды  өзгерістер  кезеңіне  қадам басып келеді»-деген болатын. Заманауи өзгерістерге бейімделе білген, «Цифрлық Қазақстан» кешенді бағдарламасын іске асыру мақсатында «Нұр Отан»  партиясы жас өнертапқыштар  арасында  өткізген «NURINTECH» республикалық инновациялық  жобалар  байқауын  іске асырып келеді.Бұл жоба өткен жылы Елбасы, партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей бастамасымен қолға  алынған  болатын. Оның басты мақсаты – ел жастарының ғылым-білімге және инновацияға деген қызығушылығын  арттыру.

 

            Сонымен қоса, «Нұр Отан» партиясы электронды форматқа  ауысу жұмыстарын жаңғыртып келеді. Атап айтсақ, орталықтандырылған есеп базасы, электронды қоғамдық қабылдау, бейнеконференц байланысы, онлайн сауалнамалар қою, ғаламтор арқылы партия мүшесі болу секілді қызметтерді сапалы атқарып келеді.

            2017 жылдың 3 қарашасында  Астана қаласында партия төрағасы, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың қатысуымен  Саяси Кеңестің кеңейтілген отырысы өткен болатын. Сол отырыс нәтижесінде партия төрағасы партияның нақты жаңғырту            жоспарын құруды тапсырған болатын. Яғни, 2018 жылдан бастап партияның саяси жұмыс, депутаттық фракция, партиялық кадрлық резерв, кадрлық саясат құрылымында бірқатар өзгерістер болады деп күтілуде. Сондықтан да, қазірден   бастап, өзгерістерге дайын болуымыз керек.

            2017 жыл аудандық партия филиалы үшін бірқатар оңды өзгерістер мен  шешімі табылмаған мәселелерге толы жыл болды. Атап айтсақ, Панфилов аудандық партия филиалының партия мүшелерінің саны 2017 жылдың желтоқсан айы бойынша   8004  адамды құрап отыр. Партиялық жарна төлеушілердің саны 6416 адам. Орталықтандырылған есеп  базасымен айлық есебі  және  партиялық жарна төлеушілердің саны  сәйкес келеді. 2017  жылдың 12 айында партия қатарына қабылдаған  адам саны  943.     Партиялық жобалар     бойынша:

            2017 жылы 7 жоба және түрлі тақырыптар  бойынша 230  іс-шара ұйымдастырылып өткізілді. Бұқаралық  ақпарат             құралдарына - 25  мақала, Фейсбук әлеуметтік желісінде – 225  іс-шаралар  жарық көрген.

            «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында латын әліпбиіне көшу бойынша 131 іс-шара өтіп,  2004 адамды  қамтыды.

            Міндетті медициналық сақтандыруды түсіндіру жұмыстары бойынша «Денсаулық» бастауыш партия ұйымымен бірлесіп 927 іс шара өтіп, 78430 адамды  қамтыды.

«Сәтті қадам» жобасы аясында ҰБТ-ға қатыспаған 427 оқушының -192-сі  және  тиісті шектік деңгейге жете алмаған 93 оқушының- 15-сі жұмысқа орналасты. Қалған 313 оқушы қайта тест тапсыру арқылы түрлі оқу орындарына түсті.

            «Нұрлы жол»  мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асырылуы және бөлінген қаражаттың  тиімді жұмсалуы       бойынша Пенжім, Лесновка, Алмалы, Ақжазық  ауылдары су жүйелерін қайта жаңғырту мен құрылыс  нысандарына бақылау жұмыстары жүргізілді.

            Аудандық  партия филиалында  қоғамдық  қабылдау бөлмесіне келіп түскен өтініштер бойынша: Жыл басынан бері жалпы-201 өтініш электронды қоғамдық қабылдау жүйесіне тіркелді.

            «Жаркент» бастауыш партия ұйымы облыстық «Ең үздік            бастауыш партия ұйымы» байқауына қатысып, жүлделі 1-ші орынды жеңіп алды.

            БПҰ-на толықтыратын құжаттар мен қызметтер тізімі:

            1.Қоғамдық қабылдау бөлмесін ашу және талапқа сай безендіру.

            2.Республикалық және аумақтық желілік кестеге сәйкес іс-шараларды уақытылы және сапалы ұйымдастыру және ақпаратын аудандық партия филиалына жолдау.(Өткізілген уақыты, орны, қамтылған адам саны, фото, This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. электронды поштаға)

            3.Партиялық бақылау коммисиясы, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету қоғамдық кеңесі, Саяси кеңес, Бюро отырысының 2018 жылға арналған жоспарларымен барлық БПҰ-ы танысып, қаралатын және тыңдалатын мекемелердің дайындығын қадағалау.

            4.Жарна төлеушілердің санын азайтпай, партия қатарынан шыққан адамдардың орнына партиялық жарна төлейтін жаңа адам алу мәселесін қатаң назарда ұстау.

            5.Әр айдың 10-15 аралығында өткен ай бойынша орталықтандырылған базамен салыстыру актісін жасау үшін тиісті мамандарыңызды аудандық партия филиалына келуін қамтамасыз ету.

            6.Мемлекеттік мереке немесе айтулы күндер қарсаңында белсенділігімен көзге түскен партияға жауапты мамандарға облыстық немесе аудандық партия филиалы атынан марапатқа ұсынуды 5 күн бұрын дайындау.

            7.Әр БПҰ өз аймағындағы аудандық мәслихат депутаттарымен тығыз жұмыс жасап, жыл соңында бағалау жұмыстары жүретіндігін назарда ұстау.

            8.Партиялық жобалар бойынша жұмысты жандандыру:

  «СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ЖОҚ ЕЛ – ӨРКЕНДЕУШІ ЕЛ» Жобаның өзектілігі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың 2015-2025 жылдарға арналған бағдарламасында қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, білім беру мен тәрбиелеуді қалыптастыру көзделген, бұл «Сыбайлас жемқорлық жоқ ел – өркендеуші ел» партиялық жобаның негізі болып табылады.  

            «СӘТТІ   ҚАДАМ».

             Жас мамандар мен жоғары оқу орындары және техникалық және кәсіптік білім беру түлектері қатарындағы жетім балалар мен мектеп түлектерін еңбекке әлеуметтендіру. Міндеттері: Астана мен Алматы қалаларындағы мемлекеттік органдар мен ұлттық компанияларда жас мамандарға тағылымдама ұйымдастыру;

            «НҰР АРМАН».

            «Нұр Арман» арнайы партиялық жобасы 2016 жылы шетелдік жоғары оқу орындарында  бакалавриат бағдарламасы бойынша оқу үшін қайырымдылық білім гранттарын тағайындау арқылы әлеуметтік көмекке мұқтаж дарынды және келешегі мол жастарды қолдауға арналған «Нұр Арман» арнайы партиялық жобасы өз жұмысын бастады. Грантқа шетелдік жоғары оқу орындарына өз бетінше түскен, жетім балалар, мүгедектер, аз қамтылған отбасынан, толық емес отбасынан шыққан балалар, асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақы алатын, мүгедек ата-анасы бар, сондай-ақ көп балалы отбасынан шыққан 21 жасқа дейінгі жастар және басқалары үміткер бола алады.

            «ЖАСТАР-ОТАНҒА» жастарды қоғамдық өмірге тарту тетігін әзірлеу; жастарды әлеуметтік бейімдеудің жолға қойылған жүйесін қамтамасыз ету; ақпараттық теңсіздік проблемасын шешу, жастардың жүзеге асырылып жатқан мемлекеттік және өзге бағдарламаларға қолжетімділігін кеңейту; жас буынды рухани-адамгершілік және қоғамдық-құндылықтық тәрбиемен толыққанды қамту

            «КЕДЕРГІСІЗ     КЕЛЕШЕК»

            Мақсаты: мүмкіндіктері шектеулі тұлғалардың өмірінің сапасын арттыру.  Міндеттері:                                         1.Бейінді мемлекеттік және салалық бағдарламалардың тиімді орындалуына  қоғамдық бақылауды ұйымдастыру; мүмкіндіктері шектеулі тұлғалардың проблемаларын шешу үшін мемлекеттік органдарды, азаматтық қоғамды, бизнесті жұмылдыру; мүмкіндіктері шектеулі тұлғалардың әлеуметтік бейімделуіне қоғамды тарту; мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға қамқорлық көрсету қажеттілігі туралы қоғамдық пікірді қалыптастыру, оларды белсенді әлеуметтік және экономикалық өмірге тарту.

     «АРДАГЕРЛЕРДІ         АРДАҚТАЙЫҚ»

     Мақсаты: ҰОС қатысушылары мен мүгедектерін, тыл еңбеккерлерін, 63 жастан асқан қарт адамдардың өмір сүру ұзақтығын және өмір сүру сапасын арттыруға ықпал ету.

             Партия жобасының міндеттері: 1. Жоғарыда аталған санаттағы азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған заңдардың, нормативтік-құқықтық актілердің орындалуының тиімділігіне қоғамдық-партиялық бақылау ұйымдастыру. 2. ҰОС ардагерлері, мүгедектері, тыл ардагерлерінің, 63 жастан асқан қарт адамдардың проблемаларын шешуге мемлекеттік органдар, азаматтық қоғам, кәсіпкерліктің қосатын күш-жігерін шоғырландыру.

     «БАҚЫТТЫ   ОТБАСЫ - БАҚЫТТЫ  БАЛАЛЫҚ  ШАҚ».    

            1.Отбасының және отбасылық тәрбиенің маңыздылығы туралы қоғамдық пікірін, сондай-ақ  азаматтардың өз балаларынан бас тарту әрекеттерін қоғамның қабылдамауын қалыптастыру; 2.Мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғамның балалар үйлерінің тәрбиеленушілері мен түлектеріне, сондай-ақ кәмелет жасқа толмаған балалары бар аз қамсыздандырылған отбасыларына көмек көрсетуге бағытталған күш-жігерлерін шоғырландыру. 3. Аз қамсыздандырылған және жайсыз отбасыларына, сондай-ақ балалар үйлерінің түлектеріне психологиялық және құқықтық көмекті көрсету; 4.Партиялық қоғамдастық пен бизнес-қауымдастықты өткізіліп жатқан жұмысқа тарту, ортақтастық сезімді қалыптастыру, 5.Профильді мемлекеттік және салалық бағдарламаларды орындау тиімділігіне қоғамдық бақылауды ұйымдастыру.

             «Нұр Отан» партиясы елімізің биік межелерге жету жолында халыққа қызмет ете беретін болады.

Күнтізбе

« Маусым 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  

booked.net