Баспанаға қолжетімділік артады

08.02.2019ж

Тұрғындарды баспанамен қамтамасыз ету мақсатында жүзеге аспақ «7-20-25» бағдарламасы   бойынша  республика аумағында тұрғын үйге қол жеткізген  азаматтар қатары біртіндеп  көбейіп  келеді.

 

    Аталған  бағдарлама бойынша біздің ауданымызда да көптеген жұмыстар атқарылуда. Бүгінде ауданымызда осы бағдарламаны кеңінен түсіндіру, халықты ақпаратпен қамтамасыз ету жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп келеді. Бағдарлама    бойынша  ауданымызда  271 өтініш түскен. Жаркент  қаласында үш  60 пәтерлі көп қабатты  тұрғын  үйдің құрылысын салу үшін1,35 гажәне 30 жеке тұрғын үйдің құрылысын салу  үшін үшін 2,9 гажер учаскесі дайындалды. Бірақ, былтырғы жылдың қорытындысына «7-20-25» бағдарламасы бойынша аудан тұрғындарына тұрғын үйлер берілмеген.

       Елбасымыздың  бастамасымен қолға алынған бағдарлама бойынша халықты баспанамен қамтамасыз ету жұмыстарына жоспарлы түрде кірісетін боламыз»,-деген аудан әкімі Темірлан  Бектасов  алдағы уақытта аудан тұрғындары үшін баспанаға қолжетімділік  артатын  болады деп сендірді.

(өз  тілшіміз).

Күнтізбе

« Сәуір 2019 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

booked.net