Бес әлеуметтік бастама

01.05.2019ж

Ұлт жоспары - бес институционалдық реформаны жүзеге асыруға арналған «100 нақты қадам» бағдарламасы егемен еліміздің дамуы мен экономикасының өсіп-өркендеуін белгілеп берген маңызды құжат. Сондықтан да, ол барша қазақстандықтар тарапынан үлкен қолдауға ие болып, қоғам арасында серпіліс туғызып отыр.

      Тарихи маңызы зор осынау құжатты келешегі кемел елдің кешенді бағдарламасы десек, көптің көңіліндегі ойды тап басарымыз ақиқат. Елбасының ұлттық жоспардың маңыздылығы туралы: «Бұл 100 қадам жаһандық және ішкі сын-қатерлерге жауап болмақ, сонымен бір мезгілде жаңа тарихи жағдайда 30 дамыған елдің құрамына ену жоспарына айналады. Ал реформаларды жүзеге асыру - алдағы 10 немесе 15 жылға негізделген жалпыұлтық нөмірі бірінші мақсат-міндет болып табылады»,-деп атап көрсетуі алдағы атқарылар ауқымды істердің қаншалықты маңызды, қаншалықты жауапты екендігін айқын аңғартса керек.

            Ғасыр  жүгін арқалайтын бес институционалдық реформаның әрбір тарауы нақты, кезең-кезеңімен жүзеге асырылатын практикалық қадамдармен бекемделген. Мысалға, бірінші институционалдық реформаны жүзеге асыру бағытында «Кәсіби мемлекеттік аппарат құру» үшін 15 нақты қадам айқындалған. Онда кадрлар даярлау, лауазымға ұсыну кезінде олардың өмір тәжірибесіне баса назар аударылып, тамыр-таныстыққа, көңіл қимастыққа тосқауыл қойылып, дос-жарандық жолымен іріктеуге тыйым салынбақ. Мемлекеттік  лауазымды орындарға кадрлар іріктеуге конкурстық әдістерді кеңінен енгізу, сайып келгенде, егер де ол шетел азаматы болса да оларға жол ашу ұсынылған.

     Екінші институционалдық реформа - «Заңның үстемдігін қамтамасыз ету». Онда 19 қадам ұсынылған. Бұл реформа сот қызметіне тікелей қатысты. Сондықтан мәртебесін көтеруге, әлемдік талаптарға толықтай жауап беретін сот жүйесін жетілдіруге айрықша көңіл бөлінген. Атап айтқанда, 16- қадамда азаматтардың сот төрелігіне қол жетімділігін жеңілдету үшін сот жүйесін оңтайландыру, бес сатылы сот жүйесінен  үшін сатылы сот жүйесіне көшу туралы айтылған.                          17-қадамда «Судья лауазымына кандидаттарды іріктеу тетіктерін көбейту және біліктілік талаптарын қатайту. Міндетті түрдегі талап-сот істерін жүзеге қатысудың 5-жылдық өтілім. Кәсіби дағдысы мен іріктілігін тексеру үшін ахуалдық тестілер жүйесін енгізу. Судьялыққа үміткерлер соттарда стипендия төленетін бір жылдық тағылымдамадан, одан кейін судья бір жылдық сынақ мерзімінен өтеді. 18 бен 25 аралығындағы қадамдарда судьялардың есеп беру тәртібін күшейту, жаңа этикалық кодексті жасау, тараптардың судья әрекеттеріне қатысты еліміздің  Жоғарғы Сотының жанынан құрылған арнайы Сот алқасына шағымдана алатынын  қамтамасыз ету, барлық сот  процестерін аудио-бейнетаспаларға міндетті түрде жазылуын қамтамасыз ету мәселелері де басты назарда ұсталған. Алқабилер қатысатын сот істерінің санатын көбейту, ірі инвесторлар қатысатын дауларды қарау үшін инвестициялық алқаны құру.

      М.СаҒымбек,

аудандық Әділет

басқармасының басшысы,  

Қазақстанның Заңгерлер

одағының  мүшесі.            

Күнтізбе

« Мамыр 2019 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

booked.net