Үлгі болар бастама

 Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» Үндеуі аудандық ветеринария  бөлімінің ұжымына да үлкен серпіліс берді. Ақиқатында маңызды және уақтылы көтерілген бұл бастаманы ветеринария бөлімі  ұжым болып талқылады. Онда бөлім басшысы Е.Саурамбаев  «Әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру» жөнінде толығынан түсіндіріп, Үндеудің Қазақстан халқына жасалып отырған қамқорлықтың  негізгі бастауы екенін түсіндірді және аталған Үндеудің талаптарының орындалуы қазақ халқының әлеуметтік-экономикалық өсуінің негізі болатынын хабарлады.

 

                Жұмыс істейтін әрбір қазақстандық  алған несиесінің мөлшерлемесі  қазіргідей  14 -16 пайыз емес бұл көрсеткіш жылына 7 пайыздан аспайтын болу керектігін айтып, және де несие алушының  төлемін азайту үшін төлеу мерзімі 25 жылға дейін болуы баспанасыз жүрген мыңдаған қазақстандықтың баспаналы болуының кепілі екенін түсіндірді.

    «Жалақысы төмен жұмысшылардың еңбекақысын көбейту үшін олардың салық жүктемесін азайту» Қазақстандағы аталған топтағы адамдардың күн-көріс деңгейін көтерудің  негізгі болып отырғанын  айтты.

     Қазақстан жастарының  жоғары білім алу мүмкіндігін барынша қолжетімді етіп, білім сапасын арттырып, студент жастардың баспана мен қамтамасыз етілуін жақсарту   жөнінде Үндеуде көтерілген мәселелерге  толығырақ тоқталып, түсіндіріп  өтті.

       Бөлімнің бас маманы М.Оспанова  өз сөзінде  ветеринария саласына келетін болашақ  мамандар үшін де Елбасы үлкен қамқорлық танытып отырғанын тілге тиек етті.

  Ветеринария бөлімі Үндеуді талқылау барысы бойынша тиісті қаулы қабылдап, оны орындау  жолдарын  пысықтады.

 

 Панфилов ауданының

ветеринария  бөлімі .

Күнтізбе

« Қазан 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

booked.net