Жаңа әлемге бетбұрыс

Жаскент  ауылдық  округіне қарасты  Головацкий үлгілі ауылдық кітапханасында «Жаңа  әлемге  жол» атты тақырыпта  «Президенттің бес әлеуметтік      бастамасы» атты халыққа үндеуін талқылау мақсатында Мәслихат депутаты аудандық  «Нұр Отан» партиясы  фракциясының мүшесі Жандос Жатқанбайұлы мен округ әкімі Советхан Таубалдыұлы жас мамандармен дөңгелек үстел өткізді. 

 

                Кітапханашы Маржан Рамазанова 5-бастаманы оқып таныстырды. Бірінші бастама: «Әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру»; Екінші бастама: «Жалақысы   төмен жұмысшылардың еңбекақысын көбейту  үшін олардың салық   жүктемесін  азайту»;   Салыстырмалы үшінші  бастама: «Жоғары білім алудың қолжетімділігі мен сапасын арттырып, студент жастардың жатақханадағы жағдайын жақсарту»; Төртінші бастама: «Шағын несие беруді көбейту»;  Бесінші бастама: «Елді газбен қамтамасыз етуді жалғастыру».      

                Сөз кезегін Мәслихат депутаты, аудандық «Нұр Отан» партиясы  фракциясының мүшесі Жандос Жатқанбайұлы мен округ әкімі Советхан  Таубалдыұлы алды.Жас мамандарға түсіндіріп, ары қарай халыққа түсіндіру жұмыстары  жүретінін айтып өтті.Өз ойларын ортаға салған тарихи мұражай меңгерушісі Нұрғанат Мәлікұлы, жас маман Нұрлан Дінмұхаметұлы пікірлерін ортаға салып, өз ойларымен бөлісті.

                Отырысты «Біз барлық күш-жігерімізді жұмылдырып, Елбасы жүктеген бастамалардан қиындықсыз шыға білуге тиіспіз» деп, округ әкімі Советхан Таубалдыұлы аяқтады.

                                 

                  Маржан  Рамазанова,

кітапханашы.

Күнтізбе

« Қазан 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

booked.net