Ел сенімін арттырған игі бастама

Президентіміздің биылғы жылы ел халқына жолдаған 5 әлеуметтік бастамасы халықтың жайлы өмір сүріп, олардың әлеуметтік қажеттіліктерін қанағаттандыруға, олардың мүдделерінің жан жақты қорғалуына бағытталғандығын осы үндеу жарияланғаннан кейінгі шамалы уақыт аралығында атқарылған жұмыстардан көруге болады.

 

                Мәселен, осы үндеуде Елбасымыз тиімді жолмен баспаналы болудың мүмкіндігін сыйлайтын «7-20-25» бағдарламасын енгізіп, осы бағдарламаның оңды жүзеге асуына барынша жағдай жасауға тиісті тапсырмаларды жүктеген болатын. Бүгінде аталмыш бағдарлама заңды түрде бекітіліп, осы айдан бастап өз жұмысын бастады. Бұдан бөлек,  «Жалақысы төмен жұмысшылардың еңбекақысын көбейту үшін олардың салық жүктемесін азайту» атты екінші бастамасы жалақысы төмен азаматтарға берілген ең үлкен мүмкіндік екені даусыз.

                Сонымен қатар, еліміздің ертеңі - жастарға бағытталған үшінші бастамасы жастардың еш алаңсыз сапалы білім алып, мемлекетіміздің дамуына өз үлестерін қосуға мүмкіндік береді. Ал, «Шағын несие беруді көбейту» атты бастамасы халықтың өз алдына жеке кәсіптерін ашып, өздеріне ұнайтын кәсіппен айналысуларына жағдай жасауда.

                Бесінші, «Елді газбен қамтамасыз етуді жалғастыру» бастамасы халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталып, бүгінде осы бастама аясында қажетті жұмыстар атқарылуда. Бұған ауданымыздың санаулы жылдар ішінде түгелдей дерлік газбен қамтамасыз етілетіндігі мысал бола алады.

                        Қазіргі таңда ауданымыздағы тұрғындарды газбен қамтамасыз ету жұмыстары басталды. Алдағы уақыттарда жұмыс қарқыны одан әрі жақсара түсетіндігі қуантады.

А.Қуантай.

Күнтізбе

« Желтоқсан 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31            

booked.net