Әлеуметтік мәселелер басты назарға алынды

06.09.2019ж

Таяуда ғана елімізде елеулі өзгерістер орын алған болатын. Мемлекетімізді ұзақ жылдар басқарған, еліміздің өркендеуіне елеулі үлесін қосқан Нұрсұлтан Назарбаев басшылық тұғырды босатты.

Ел Президенті болып Қасым-Жомарт Тоқаев сайланды.Жаңа басшылықты қолға алған Президентіміз еліміздің ертеңі үшін ауқымды үлес қосады деген сенімдеміз. Себебі, жаңа басшымыздың саясаттан ауылы алыс емес.Міне көп өтпей саяси билікті қолына алған Президентіміз халыққа алғашқы Жолдауын жария етті. Жолдауда еліміздің ертеңі үшін атқарылатын жұмыстар тізбектеліп, нақты жоспарлар

бекітілді. Президент қазіргі таңда еліміз тәуелсіздіктің жетістіктерін еселеп, дамудың жаңа сапалы кезеңіне шығуға зор мүмкіндік иеленгендігін айтты. Дамыған мемлекеттер қатарына қосылу үшін жаңа технологияны меңгерген, халықпен тығыз байланыс орнататын, қуатты мемлекет құруымыз керектігін міндеттеді. Сондай-ақ халық пікірімен санасып, мемлекет пен халық арасындағы байланысты жақсарту бүгінгі күннің басты талабы екендігін жеткізді. 2024 жылға дейін мемлекеттік қызметкерлер санын азайту арқылы қаржыны тиімді істерге бөлу мәселесін көтерді. Атап айтқанда 2024 жылға дейін мемлекеттік ұйымдар мен мемлекеттік қызметкер саны 25 пайызға азаятын болады. Соңғы кездері мемлекетте орын алған өзгерістер бойынша көптеген митингтер өтіп, қоғам тыныштығына нұқсан келді. ҚР Конституциясына орай әрбір азамат өз пікірін білдіруге және азаматтық ой-пікірлерін ашық айтуға құқылы. Сондықтан заңды митинг өткізетін белсенділерге заң талаптарына сәйкес жауап қайтарылатын болады.

Сондай-ақ «Әлеуметтік және этникалық топтар арасындағы келісім – бүкіл қоғамның бірлескен еңбегінің нәтижесі. Осыған орай, саяси үрдістерді саралап, бірлігімізді нығайта түсу үшін нақты шаралар қабылдау керек. Қазақ халқының мемлекет құраушы ұлт ретіндегі рөлін бекемдеп, этносаралық татулық пен дінаралық түсіністікті қалыптастыра беруіміз қажет»,-деді Мемлекет басшысы.

Азаматтардың қауіпсіздігі мен құқықтарын қамтамасыз ету, қарқынды дамыған және инклюзивті экономика, әлеуметтік жаңғырудың жаңа кезеңі, қуатты аймақ-қуатты ел сынды тақырыптарға көтерілген барлық мәселелерге бағытталған міндеттер мен тапсырмалар өз уақытында орын алып халқымыздың әлеуметтік хал-ахуалын, экономикасын, әлеуметтік жағдайын жақсартуға себепші болады деген сенімдемін.
Осы Жолдауда ең бастысы әлеуметтік мәселелер басты назарға алынды. Сондай-ақ елімізде орын алып жатқан аса ауыр қылмыстар атап айтқанда есірткі, педофилия, жыныстық зорлық-зомбылық және адамға қатысты басқа да ауыр қылмыстар үшін қылмыстық жазаны күшейтуге тапсырма берілгендігі қоғам тыныштығын сақтап, елімізде өмір сүріп жатқан түрлі ұлттар мен ұлыс өкілдерінің ынтымақтастығын, татулықтарын арттыруға себепші болмақ.
А.ХАМЕТЖАНОВА.

Күнтізбе

« Желтоқсан 2019 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

booked.net

  • Материалды қарау саны : 719393