Алматы облысында коммуналдық қызмет тарифтері тұрақты

07.02.2020ж

2020 жылдың қаңтар айының басында ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің төрағасы ҚР Премьер-Министрінің орынбасары бекіткен Мемлекет басшысының тариф құрудың ашықтығын қамтамасыз етуге және бағалар мен тарифтерді арттыруға және табиғи монополистердің қызметтеріне қарсы күресті күшейтуге бағытталған тапсырмаларын орындау бойынша Жол картасын бекітті.

 Бұл туралы «Jetisy Media» ақпараттық алаңында өткен баспасөз-мәслихатында белгілі болды.

Коммуналдық қызмет тарифтерінің жағдайы жұртты алаңдатары сөзсіз. Қалтаға салмақ салатын аталған қызмет түрінің құнының өсуі базыналы ел үшін басты мәселе болғалы қашан. Жыл санап өсіп келе жатқан баға бағамы коммуналдық қызметке әсер етеді ма? деген көптің сауалынына сала мамандары жауап берді.

Экономиканың монополиялық секторын мемлекеттік реттеу жүйесінің тиімді жұмысы, инвестициялық тартымдылық, энергия үнемдеу, ресурстарды үнемдеу мәселелерін шешу, халықтың мүдделерін қорғау Табиғи монополияларды реттеу департаментінің қызметінің негізгі бағыттары болып табылады.

Баршамызға белгілі, ҚР Президенті Қ. Тоқаевтың жолдауының аясында 2019 жылы 43 субъектіге тарифтер төмендетілген болатын.  Сол себепті де бекітілген шекті тарифтер бойынша, коммуналдық қызмет түрлеріне атап айтсақ,  "ТАТЭК" АҚ, "Талдықорғанжылусервис" КМК, "Жетісу Су Арнасы" ҚМКК және тағы 28 ТМС 2020 жылдың 01 қаңтарынан бастап тарифтерді көтеру қарастырылмаған.

 

Департамент өз кезегінде 143 табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін реттейді, оның ішінде: 103 - сумен жабдықтау және су бұру қызметтері бойынша, 5 – электр энергиясын беру саласында, 22 – жылу энергиясын өндіру , беру, бөлу және жабдықтау саласында, 11 – тауарлық газды сақтау, тасымалдау саласында, 15 – кірме жол болмаған кезде кірме жолдар саласында, 2 – әуежай саласында және 1 – аэронавигация саласында.

«Алматы облысының маңындағы елді мекендер 19,56-дан 19,32 теңге /кВт-қа дейін төмендетілген ақымен қызмет құнын төлеуге  мүмкіндік алса, ал қала  халқы үшін тарифтің ұлғаюы 13,63 теңге/кВт құрайды. Бюджеттік ұйымдарға  - 40,6% және өзгелер үшін - 12%-ға тең»,- деп мәлімдеді Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары —  Думан Сейтқұлұлы.  

Тарифтермен жағдай Президенттің, Үкіметтің бақылауында тұр, сондықтан Департамент бұдан әрі де ТМС және қоғамдық маңызы бар нарықтардың тарифтерінің негізсіз өсуіне жол бермеу бойынша барлық шараларды қабылдайды және тарифтердің өсуін тұрақтандыру жөнінде қабылданып жатқан шаралар жүргізеді.

                                                                                                Анар САБЫРОВА

Күнтізбе

« Сәуір 2020 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30      

booked.net

  • Материалды қарау саны : 936005