Алматы облысының ауыл шаруашылық сласының мамандары Жолдаудың маңыздылығын атап өтті

01.09.2020ж

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа жолдаумен тікелей эфирге шықты.Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы жолдауда ауыл шаруашылығын дамытпай, бәсекеге қабілетті экономика құру мүмкін еместігін айтты.

 

«Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың қазіргі мемлекеттік бағдарламасы келесі жылы аяқталады. Үкіметке бизнеспен бірге бесжылдыққа агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың сапалы жаңа ұлттық жобасын әзірлеуді бастауды тапсырамын» - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Миллиондаған ауыл тұрғындарының кірістерінің тұрақты өсуі, еңбек өнімділігінің екі жарым есеге артуы, ауыл шаруашылығы өнімі экспортын екі есеге арттыру алдыда тұрған басты міндет болып табылады. Мұны да мемлекет басшысы қадап көрсетті.

Кәсіби мамандардың тапшылығы, сондай-ақ аграрлық ғылымның ойдағыдай дамымауы – бұл саладағы қордаланған мәселелер. Осы бағытта атқарушы билік тарапынан нақты шаралар қабылдануы керек.

Ауылшаруашылығы саласының құрылымдарына жағдай жасап, алдымен ауылдардың инфрақұрылымын қалыптастыру керек. Аграрлы мемлекет болғандықтан - ауылды көркейтуден бастау қажет. Елдің дамуы ұрпақ келешегінің кемелдігіне кепіл болады.

Ақшабай Керімбеков Талдықорған қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы.

Күнтізбе

« Қазан 2020 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

booked.net

  • Материалды қарау саны : 1421558