Қоғам дерті

Әлемдік деңгейдегі сарабдал саясаткер, Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында «Жемқорлыққа қарсы күрес және заңның үстемдігі» атты тоғызыншы міндетте атап көрсеткеніндей сыбайлас жемқорлықпен күрес қоғамымызда тәуелсіздік алғалы бері жүйелі түрде жүргізіліп келеді.

 

                Бірақта қоғам өмірінің барлық саласына дендеп енген бұл аса қауіпті індетті түбегейлі жеңу қазірше ешбір мемлекетте мүмкін болмай тұрғаны шындық.

                Сыбайлас жемқорлық ең алдымен мемлекетіміздің экономикасының өсуіне кері әсер етіп, халықтың билікке деген сенімін төмендетіп, демократиялық қоғам институттарының дамуына кедергі келтіреді. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығын жасаған мемлекеттік қызметші Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызмет туралы», Қылмыстық кодекс заңнамаларына сәйкес тиісті жауапкершілікке тартылады. Аталған заңнамаларда азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, сыбайлас жемқорлық әрекет салдарынан туындайтын басты қатерлерден республикамыздың ұлттық, экономикалық қауіпсіздіктерін қамтамасыз етуге қажетті шаралар кешені жан жақты қарастырылып, заң шеңберінде мемлекеттік міндеттер атқаруға уәкілетті адамдар мен оған теңестірілген адамдар жауапты болатындығы нақты түрде көрсетіліп отыр.

                Тамыры аса тереңде жатқан қоғам дерті - сыбайлас жемқорлық көріністерімен тек құзырлы құқық қорғау органдары ғана емес бүкіл қоғамымыз болып күрес жүргізсек тәуелсіздігімізді нығайтып, экономикамызды өркендетіп, әлемнің ең дамыған отыз елінің қатарынан көрінетін боламыз.

Ж.Бейсебек,

аудандық  Әділет басқармасының инспекторы, Қазақстан

Заңгерлер   Одағының мүшесі.

Күнтізбе

« Тамыз 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

booked.net