Инфрақұрылымның тиімділігі

Мемлекет       басшысы Н.Назарбаев «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы  дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына арнаған  Жолдауында жаһандық үрдісті   дұрыс бағамдай білген. Онда Елбасы «Бүгінгі әлем төртінші өнеркәсіптік революция дәуіріне, технологиялық, экономикалық және әлеуметтік салалардағы терең және  қарқынды өзгерістер кезеңіне қадам басып келеді», деп атап өтті. Бұл – тәуелсіз Қазақстанның жаңғырудың келесі бір кезеңіне өткенін, яғни жаңа технологиялық мүмкіндіктерге жол ашқан  қарыштап даму кезеңіне аяқ басқанын көрсететін  маңызды  құжат болып отыр.

                Елбасы сондай-ақ бұл Жолдауда көлік-логистика инфрақұрылымының тиімділігін арттыру қажеттігін баса айтып, Қазақстан аумағы арқылы  бірнеше трансконтинетальды коридор   өтетінін атап өтті.

  Мемлекет басшысы көлік-логистика инфрақұрылымының тиімділігін арттыру жөніндегі осы бір парасатты пайымында жауапкершілігі мол міндеттің  өңір әкімдерінің  белсене  атсалысуымен іске асатынын да  тілге тиек еткен-ді.

Алтынай Кенжебекова,

аудандық Әділет

басқармасының 

инспекторы.

Күнтізбе

« Тамыз 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

booked.net