Адами капитал-жаңғырудың негізі

  Қазақстан  Республикасының  Президенті Н.Назарбаев Қазақстан халқына арнаған «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында 10 бағыттың  басымдылығын  белгілеп берді. Онда ел дамуының жаңа мүмкіндіктері нақты көрсетілген.

 

                Мемлекет  басшысының бастамасымен қолға алынған кез келген мемлекеттік бағдарламаның басты мақсаты  елімізді жаңа сатыға көтеру, инновациялық мүмкіндіктерді пайдалану арқылы халықтың тұрмыстық-әлеуметтік жағдайын жақсарту. «Қазақстан-2050» стратегиясында көрсетілгендей, саяси экономикалық әлеуетімізді реттеу арқылы  мемлекетімізді  дамыған 30 елдің қатарына кіргізу, оған қоса, мәдениетіміз бен руханиятымызды жетілдіруді  басты назарда ұстау керек. Биылғы Елбасы  Жолдауының  да міндет-мақсаты осыған саяды. Мұнда саяси тұрақтылық пен қоғамдық келісімнің арқасында экономикамызды, саясатымызды және санамызды жаңғыртуға бағытталған 10 басымдық көрсетілген.

    Жаһандану дәуірі жинақылықты, ұқыптылықты, нақтылықты  талап  етеді. Мемлекет басшысы өзінің тарихын, тілін, мәдениетін білетін, сондай-ақ заманына лайық, шет  тілдерін меңгерген, озық әрі жаһандық  көзқарасы бар қазақстандық біздің қоғамның идеалына айналуы тиіс» деген сөзі білімді ұрпақтың бойынан табылар басты қасиеттер болуы керек. Қай салада болсын  білімді жас өзгелерден оқ бойы озық тұрады. Елдің ертеңі жас ұрпақ білімді болса, ол-болашағымыздың кепілі деген сөз.

                Жолдаудағы жетінші бағытта жас ұрпаққа білім берудің  жаңа сапасы туралы, яки оның  мазмұнын замана талабына сай құруға қатысты келелі әңгіме қозғап, оны  іске  асырудың нақты жолдарын көрсетті. Әсіресе, Мемлекет басшысының «білім беру саласын экономиканың жеке саласы ретінде дамыту керек» деген ойы аса маңызды.

Алтынай  Кенжебекова,

 аудандық Әділет

басқармасының инспекторы.

Жаңа жүйе науқастың жағдайын жеңілдетеді

 

Күнтізбе

« Қыркүйек 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30

booked.net