Ұлы мұраттарға жол ашады

Жыл сайынғы халқымыз асыға күтетін Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы бұл жолы да еліміздің қарқынды дамуын қамтамасыз етуге бағытталған.

     Әлемдегі түрлі дағдарыстар мен сынақтарға төтеп беру мақсатын көздейтін «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауында мемлекетіміздің өркениетті дамуын қамтамасыз етуге қажетті барлық сала 100 пайыз қамтылғандығымен ерекшеленеді және «Қазақстан-2050» стратегиясын алға апаруға алғышарттар қалыптастырады деуімізге толық заңды негіздер бар деп есептеймін.  

       Әлемдік деңгейдегі сарабдал саясаткер Елбасымыз өз дәстүрлі Жолдауында қандай да қиындықтарға қарамастан мемлекетіміздің өз халқы алдындағы әлеуметтік міндеттемелерін бірінші кезекте орындауды басты мақсат етіп қойып отырғандығымен осы жолы да көпшіліктің қызу қолдауына ие болып отыр.

      Жолдауда айтылған ойлар мен тың бастамалар әрбір қазақстандықтың билікке деген сенімін арттырып, стратегиялық бағдарламаларды сәтті жүзеге асыра отырып елімізді әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына қосып, «Мәңгілік елге» айналдырарына және өркениетті ел болуға бастайтын ұлы мұраттар биігіне жетуіне  даңғыл жол ашатыны шындық.

Игенбай  Бүйенбаев,

Үлкенағаш

 ауылдық округі

 әкімі аппаратының

бас маманы.

Күнтізбе

« Желтоқсан 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31            

booked.net