БАЛА ШАҚТАН – БОЛАШАҚҚА БІЛІММЕН

Білімнің сара жолы мектептен бастау алады. Сондықтан да өсіп келе жатқан жас өркендердің бойына тәрбие мен білімді сіңдіріп, білім арқылы кең дүние есігі ашылатындығын, білім қашанда адамды биіктерге жеткізетіндігін ұғындыру барша ұстаздар қауымының басты парызы. Сол себепті  Аққұдық ауылының ұстаздары адамның саналы өмірінің  шалқар   дариясы балалық шақтан берілетін тәрбие мен білімде екендігін терең ұғынып, еңбек етеді.

 

                Ауылымыздағы Ш.Байбатшаев атындағы орта мектепте «Бала шақтан – болашаққа біліммен» атты апталық өтілуде. Аталған апталық оқушылардың білімге деген ынтасын арттырып, уақытты тиімді пайдалануды түсінуге, ұстаздарды құрметтеуге, мейірімділік, адамгершілік сынды қасиеттерді ұлықтауға септігін тигізеді. Осы апталық бастау алған сәттен бастап оған ұстаздар мен оқушылар белсенді түрде атсалысуда. Жалпы, біздің білім беру мекемемізде мектеп директоры Сәулет Асановтың жетекшілігімен оқушылардың біліммен қатар саналы тәрбие алуларына септігін тигізетін түрлі апталықтар, мәдени, әдеби кештер, әртүрлі іс-шаралар тұрақты түрде өткізіліп тұрады.

                Қазақта «Білікті бірді, білімді мыңды жығады»,-деген сөз бар. Қазір біз білікке емес, нағыз білімге сенетін заманда өмір сүреміз. Күн санап дамыған бүгінгі қоғам озық ойлы, жан-жақты жетілген білікті жастарды талап етеді. Елдің қуаты, оның болашағының жарқын болуы бүгінгі жас ұрпақтың білімді қажетіне жаратып, мемлекет дамуына үлес қосуымен ғана бағаланбақ. Елбасымыз Н.Назарбаев мемлекет дамуына себепші болатын барлық құнды бағдарламаларында, жыл сайынғы кезекті Жолдауларында білім саласын үнемі назардан тыс қалдырмай, жастарды жігерлендіретін тың идеялар айтып, нақты міндеттерді саралап береді. Мәселен, шамалы уақыт бұрын ғана жарияланған Жолдауында алдымыздағы жылды «Жастар жылы» деп атауды тапсырды. Бұл еліміздегі жастарға жасалып отырған үлкен мүмкіндік деп білемін. Сондай-ақ, Мемлекет басшысының педагог мәртебесін көтеріп, білім беру ұйымдарының сапасына мән беруге шақыруы үлкен көрегенділіктің белгісі. Себебі, еркін елдің ертеңгі тірегі бүгінгі жас ұрпақтың қолында.

 

Бақытгүл  НҮПТЕКЕЕВА,

 Ш.Байбатшаев атындағы орта мектеп  директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары,

бастауыш сынып мұғалімі.

 

Күнтізбе

« Ақпан 2020 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29  

booked.net

  • Материалды қарау саны : 843237