ШАТТЫҒЫ МОЛ ШАҢЫРАҚ
- Толығырақ
- Жарияланды 02.06.2017 08:19
- Автор: Super User
- Категория: басты бет
- Қаралды: 1097
Жолдасов Әбілмәжін Нүсіпжанұлы Жаркент өңіріндегі ауыл шаруашылығының мал өсіру саласында еңбек еткен. Жастайынан төрт түлік малын өсірумен айналысады. Көпшілікке үлгі бола білген білікті ұйымдастырушы. «Үлкенге құрмет, кішіге ізетпен» қарайтын абзал жан. Жаркент өңіріндегі Алтыүй ауылының беделді азаматы. Қазіргі күндері құрметті еңбек демалысына шықса да, ауылдық ақсақалдар мүшелігінде қоғамдық іс-шараларға өз үлесін қосуда. Жұбайы Жолдасова Бижан - «Күміс алқа» иегері. Тоғыз
бала тәрбиелеген асыл әже. Үй шаруашылығымен, бала тәрбиесімен айналысқан кішіпейілділігімен, мәдениеттілігіменен жұртшылықтың ризашылығына ие болған абзал
ана. Күш-жігерді ізгілікке, іскерлікке жұмсап, айтарлықтай жетістіктерге жетіп, ауданымыздың көркеюіне үлес қосқан азаматша.
Аудан жұртшылығы адамгершілігі жоғары, қарапайым мінезді, көпшілікпен тіл табысатын 80 жастан асқан ауыл ақсақалы Әбілмәжін қарияның еліне, отбасына қамқор болып жүретінін үлгі ретінде біледі. Бүгінгі күні 9 бала, 17 немере, 7 шөбере өсіріп, шөпшек күтіп жүрген қарияны ел-жұрты жоғары бағалайды. Ұл-қыздары қоғамға лайықты тәрбие, жоғарғы білім алып, егеменді елімізге өз үлестерін қосып жүрген азаматтар. Жуырда «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының жеңімпазы болған Әбілмәжін қария, үлкен ұлы кәсіпкер Әлен және шөбересі Ақнұр арнайы шақырылып, шаттығы мол шаңыраққа аудан әкімі Б.Абдулдаев Алматы облысы әкімінің «Алғыс хатын» салтанатты түрде табыс етті.
Марат ИЛИПОВ,
аудандық ішкі саясат бөлімінің
бастығы.