БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

Орталық коммуникациялар қызметінде Қазақстан Республикасының Президенті                   Н.Ә. Назарбаевтың жүлдесіне ат спорты түрлерінен «ЭКСПО КУБОГЫН» ұйымдастыру бойынша баспасөз конференция өтті.

 

Баспасөз конференцияға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, ҚР «Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы» президенті Бекболат Тілеухан, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі спорт және дене шынықтыру комитеті төрағасы Елсияр Қанағатов, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі спорт және дене шынықтыру комитеті төрағасының орынбасары Серік Жарасбаев, Алматы облысы әкімінің орынбасары Жақсылық Омар, Алматы облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Тұратбек Чарапиев қатысты.

Ат жарысы биылғы жылдың 11 маусымында сағат 10:00-де Астана қаласының «Қазанат» ипподромында басталады. Шара ұйымдастырушылары – ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, ҚР «Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы», Астана Әкімдігі, Алматы облысының әкімдігі және «Қазақстанның бәйге түрлері қоғамы». Әлеуметтік серіктес  «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры.

Жарыс бағдарламасына аламан бәйге – 25 шақырым, топ бәйге – 15 шақырым, жорға аттар жарысы – 7 шақырым, құнан бәйге – 7 шақырым, 2400 және 1800 метрге ұшқыр аттар жарысы (гладкие скачки) өтеді.

Спорт және дене шынықтыру комитеті төрағасы Елсияр Баймұхамедұлының айтуынша, ұшқыр аттар жарысы бойынша (2400 және 1800м) сыйақы қоры – 63млн 600мың теңгені (200 мың долл.) құрады. Ұлттық жарыс түрлерінің сыйақы мөлшері – 36 млн теңге (115 мың долл.). Сома жүлдегерлер арасында 5-ші орынға дейін бөлініп беріледі. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді салтанатты марапаттау жарыс аяқталған соң жүргізіледі.

ҚР «Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы» президенті Бекболат Қанайұлының сөзінше, 25 шақырымдық аламан бәйгеге, 15 шақырымдық топ бәйгеге, 7 шақырымдық құнан бәйгеге, 7 шақырымдық жорға жарысқа әр облыстан биылғы жылғы іріктеу бәйгелерінде жүлдегер болған таңдаулы сәйгүліктер ғана қатысады. Барлығы – 130-дан астам еліміздің жүйріктері тіркелді.

Жарысқа еліміздің 14 облысы мен Астана және Алматы қалаларынан шабандоздар қатысады, сондай-ақ, РФ, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркия, Болгария мен басқа да елдерден қатысушылар келеді деп күтілуде. Бүгінгі күні ұлттық спорт түрлері жастардың арасында үлкен қызығушылық тудырып отыр. Ескі дәстүрлер әсіресе Алматы облысында жаңғыртылып жатыр. Облыста қазіргі таңда 1384 дене шынықтыру коллективтерінде ұлттық спортпен айналысушылар саны 46566 адамды құрайды. Оның ішінде ұлттық ат спорты түрлерімен 12582 адам шұғылданады,-деді Алматы облысы әкімінің орынбасары Жақсылық Омар.

Жарыстың үзіліс кезінде  «джигитовка», «теңге ілу», «жамбы ату», «қыз қуу», қазақы тазы иттер жарысы сияқты ұлттық спорт түрлерінен көрсетілімдер ұйымдастырылады.

Айта кетейік, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі «Экспо-2017» халықаралық көрмесі аясында халықаралық деңгейдегі 18 ауқымды спорттық шара ұйымдастырады. Еліміздің өңірлері де спорттық сайыстардан қалыс қалмайды. Халықаралық көрме аясында Қазақстанның 14 облысында 20-дан астам спорттық сайыстар өткізіледі.

 

 

Анықтама үшін: Бәйге – көптеген түркі-тілдес халықтардың ежелден келе жатқан спорт түрі. Бәйге бұл – жазық жерлерде орта және ұзын қашықтықта өтетін жарыс. Бәйгеде шабандоздың тактикалық шеберлігі мен аттың жарысқа дайындығы аса маңызды саналады. 

Нақты ақпарат алу үшін: Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің баспасөз хатшысы Тугумбаева Рауханға мына байланыс нөмірлері арқылы хабарласуларыңызға болады: 74-08-61, 87711838853, 87712074325


p;

 

Күнтізбе

« Қараша 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  

booked.net

  • Материалды қарау саны : 4729107