«Бой Каната Ислама с американцем Джеймсом Кирклендом состоится 9 сентября на Экспо»

В Службе центральных коммуникаций состоялась пресс конференция с участием казахстанского боксера - Каната Ислам.  


Толығырақ...

«Қазақстанның Киберқалқанын» құру

Орталық коммуникациялар қызметінде «Қазақстанның Киберқалқанын» құру мәселелеріне арналған брифинг өтті. Брифингке Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі – Голобурда Дмитрий Васильевич, Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Ақпараттық қауіпсіздік комитеті төрағасының...


Толығырақ...

Алматы облысының мәдениет күндері Астана қаласында

Орталық коммуникациялар қызметі алаңында «Алматы облысының мәдениет күндері Астана қаласында» атты тақырыбында баспасөз конференциясы өтті. Биылғы ЭКСПО көрмесіне Алматы облысы да өз үлестерін қосуда. Халықаралық маңызы бар шараның насихатталуы жөнінде көптеген...


Толығырақ...
123

Тарихи сана және рухани қауіпсіздік

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің «Орталық коммуникациялар қызметі» алаңында 2017 жылдың 30 мамырында «Тарихи сана және қоғамның рухани қауіпсіздігі» тақырыбында «SarapTime» сарапшылар клубының отырысы өтті. Бұл шара 31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін құрбандары күніне орайластырылған. Атаулы күн Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Жарлығымен 1997 жылдан бастап атап өтіліп келеді.

 

Отырыстың басты мақсаты – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы және саяси қуғын – сүргін құрбандарын болашақ жас ұрпаққа жете түсіндіру болып табылады.

Сонымен қатар, бүгінгі күнде Қазақстан өскелең ұрпаққа патриоттық тәрбие беруге ерекше қөңіл бөлуде. Жастарға патриоттық тәрбие беру, оларда белсенді азаматтық ұстаным мен өзінің және елінің болашағы үшін жауапкершілікті сезіну қасиетін қалыптастыру, олардың өткен ғасырдағы саяси қуғын-сүргін құрбандарына құрметпен қарауына бағытталған.  Сондай-ақ отанымыздың тарихын біліп зерделеуге – бүкіл қоғамның маңызды міндеті болып табылады.

Бұдан басқа, «SarapTime» сарапшылар клубының отырысында әлемнің ең белді архивтерінен төл тарихымызға қатысты құжаттарды жүйелі түрде жинақтап зерттеу, ХХІ ғасырда рухани дамудың жаңа парадигмасын жасаудағы қажетті іс-шаралар, сондай-ақ қоғамдық сананы жаңғыртудың басты басымдығы ретінде ұлтымыздың жаһандық қоғамдастықта бәсекеге қабілетті болуы жолындағы мәселелері қарастырылды.

Іс-шараның шымылдығын ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Дулатбеков Нұрлан Орынбасарұлы «Ұрпақтар ұмытпайды» тақырыбымен ашты. Сонымен қатар, басты спикерлер ретінде «Сакралды Қазақстан» ғылыми-зерттеу орталығының басшысы Берік Әбдіғалиұлы, «Ұлағат» Мәдениет және даму қорының атқарушы директоры және «Әлеумет тынысы» журналының бас редакторы Жұмаұасова Қамажан Габдрашқызы, Қазақстан Ұлттық арнасының аналитик-редакторы Бекбауов Нұрбек Серікұлы сөз сөйледі.

Дөңгелек үстелдің басты қонақтары болып ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, қоғам қайраткерлері, журналистер мен блогерлер, Астана қаласының оқу орындарының студенттері шақырылды.